• Тарих апталығының аясында лицейдің жас мамандары арасында "Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы" тақырыбында танымдық сайыс болып өтті.

    Лицейдің 8 жас ұстаздары "Атамекен" және ""Ұлағат" топтарына бірігіп, сайысқа түсті. Сайыс 4 бөлімнен тұрды:

    1. Берілген үш суреттен ортақ сөз тауып, сол сөзге қатысты сұраққа жауап беру;

    2. Берілген әріптер ішінен тігінен және көлденеңінен орналасқан сөздерді табу;

    3. "Тұлғаны таны". Қазақстанға еңбегі сіңген тұлғалардың аты-жөнін табу;

    4. "Жылдар сөйлейді" - жылдар мен оқиғаларды сәйкестендіру.

  • Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай лицей-интернатта өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында "Мұратымыз - мәңгілік ел" атты лицейішілік ақындар мүшәйрасы өткізілді.

    Мүшәйраның мақсаты - жас ұрпақтың санасына елжандылық, отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру, шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсетіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

    Мүшәйра ІІ кезеңнен тұрды. Қатысушылар І кезеңде тәуелсіздік тақырыбына жазған жүрекжарды өлеңдерін оқыса, ІІ кезеңде өздері жеребе арқылы таңдаған тақырыптарына сәйкес өлең шумақтарын жазып шықты.

  • Табысты мектептің шығармашыл мұғалімдерінің ұстанымы «Өзгелерге үйретемін!» дегенннен гөрі «Өзгелерден үйренемін!» деген ниетінің басымдылығынан байқалатыны анық. Мұғалім кәсіби даму үшін үнемі жаңашылдықпен еңбектеніп, креативтілікпен ізденіп, әріптестерімен бірлесіп жаңадан жаңаны тауып жатса жетістікке жететінін лицейімізде жүріп жатқан «Ашық сабақтар шеруі» дәлелдей түсуде.

    Әр сабақ алдында ортақтаса ойласып, оқу мақсатына жету стратегияларын бірігіп жоспарлаған мұғалімдер сабақ барысында сол әдіс-тәсілдердің сәтті-сәтсіз, ұтымды-ұтымсыз жақтарын сараптап, келесі сабақтарда соны ескере отырып, жетілдіріп, дамытуды қолға алуда.

  • 2021 жылдың 18-23 қараша күндері аралығында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы және «Edlight academy» қорының ұйымдастыруымен «Сыр Дарыны» білімділер академиясының оқыту курсы өткізілді. Курс жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша жүргізілді. «Сыр Дарыны» білімділер академиясының дайындық кезеңінде ұйымдастырылған емтихандардың қорытындысы бойынша № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.

    І дәрежелі диплом иегерлері:

Логин

Имя пользователя:
Пароль:
загрузка данных из сервера, пожалуйста, подождите

Фотогалерея

Навигация

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея