Навигация

Новости

Фотогалерея

  • Обновление данных

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены
  • Қамқоршылық кеңес хаттамасы №2

  • "Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы" тақырыбында танымдық сайыс болып өтті

    Тарих апталығының аясында лицейдің жас мамандары арасында "Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы" тақырыбында танымдық сайыс болып өтті.

    Лицейдің 8 жас ұстаздары "Атамекен" және ""Ұлағат" топтарына бірігіп, сайысқа түсті. Сайыс 4 бөлімнен тұрды:

    1. Берілген үш суреттен ортақ сөз тауып, сол сөзге қатысты сұраққа жауап беру;

    2. Берілген әріптер ішінен тігінен және көлденеңінен орналасқан сөздерді табу;

    3. "Тұлғаны таны". Қазақстанға еңбегі сіңген тұлғалардың аты-жөнін табу;

    4. "Жылдар сөйлейді" - жылдар мен оқиғаларды сәйкестендіру.

    Сайыстың нәтижесі бойынша "Атамекен" тобы жеңіске жетті.

  • "Мұратымыз - мәңгілік ел" атты лицейішілік ақындар мүшәйрасы өткізілді

    Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай лицей-интернатта өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында "Мұратымыз - мәңгілік ел" атты лицейішілік ақындар мүшәйрасы өткізілді.

    Мүшәйраның мақсаты - жас ұрпақтың санасына елжандылық, отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру, шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсетіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

    Мүшәйра ІІ кезеңнен тұрды. Қатысушылар І кезеңде тәуелсіздік тақырыбына жазған жүрекжарды өлеңдерін оқыса, ІІ кезеңде өздері жеребе арқылы таңдаған тақырыптарына сәйкес өлең шумақтарын жазып шықты.

    Оқушыларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Қосаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Есбосын, Г.Дәрібаева , 11-сынып оқушылары А.Жанарбекқызы, А.Аннасова, Ә.Нығмет әділқазылық жасады.

    Мүшәйраның қорытынды нәтижесі "Тәуелсіздік - ұлы дала арманы" атты қорытынды концерттік бағдарламада жарияланатын болады.

  • Ашық сабақтар

    Табысты мектептің шығармашыл мұғалімдерінің ұстанымы «Өзгелерге үйретемін!» дегенннен гөрі «Өзгелерден үйренемін!» деген ниетінің басымдылығынан байқалатыны анық. Мұғалім кәсіби даму үшін үнемі жаңашылдықпен еңбектеніп, креативтілікпен ізденіп, әріптестерімен бірлесіп жаңадан жаңаны тауып жатса жетістікке жететінін лицейімізде жүріп жатқан «Ашық сабақтар шеруі» дәлелдей түсуде.

    Әр сабақ алдында ортақтаса ойласып, оқу мақсатына жету стратегияларын бірігіп жоспарлаған мұғалімдер сабақ барысында сол әдіс-тәсілдердің сәтті-сәтсіз, ұтымды-ұтымсыз жақтарын сараптап, келесі сабақтарда соны ескере отырып, жетілдіріп, дамытуды қолға алуда.

    «Келісіп пішілген тон келте болмайтынына» көз жеткізген әріптестер сабаққа дейін бірге жоспарлаған жұмыстарын сабақтан соң ынтымақтаса отырып бірге талқылап, бір-бірінен жағымды кері байланыс алуда. «Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – мұғалім шеберлігі» коучингінен бастау алған шерудің «Мен ұсынар бір әдіс» деп аталатын тимбилдингпен қорытындыланатын күні де алыс емес. Ал әзірге шығармашылық ахуалға толы «Ашық сабақтар шеруі» жалғасын табуда.

     

  • «СЫР ДАРЫНЫ» БІЛІМДІЛЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    2021 жылдың 18-23 қараша күндері аралығында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы және «Edlight academy» қорының ұйымдастыруымен «Сыр Дарыны» білімділер академиясының оқыту курсы өткізілді. Курс жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша жүргізілді. «Сыр Дарыны» білімділер академиясының дайындық кезеңінде ұйымдастырылған емтихандардың қорытындысы бойынша № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.

    І дәрежелі диплом иегерлері:

    Алтынбекқызы Талшын - информатика, 9 сынып

    Базыл Хадиша- химия, 9 сынып

    Жұматаева Амина- математика, 9 сынып

    ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

    Бауыржанқызы Жаннұр- информатика, 8 сынып

    Ұзақ Рысжан- физика, 9 сынып

    Кеңесбай Саяжан- математика, 9 сынып

    ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

    Бахытжан Әсемай- информатика, 8 сынып

    Болат Альмира- информатика, 9 сынып

    Қалдыбай Асылжан- физика, 8 сынып

    Макшатова Айша- физика, 8 сынып

    Қалдыбай Арна- биология, 9 сынып

    «Сыр Дарыны» білімділер академиясының жұмыстарын жоғарғы деңгейде ұйымдастырған «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұжымына және «Edlight academy» қорының халықаралық, республикалық дәрежедегі тәжірибелі тренерлеріне алғыс білдіреміз.

     

  • «Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – мұғалімнің шеберлігі» тақырыбында коучинг өтті

    №10 «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей тренері Н.Қ.Есбосынның ұйымдастыруымен «Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – мұғалімнің шеберлігі» тақырыбында коучинг өтті. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген Ж.Аймауытовтың сөзін басшылыққа алған коучинг басында мұғалімдер «nearpod.com»сайты арқылы тақырып туралы түсінік қалыптастырды. «Тарсия» тәсілімен3 топқа біріккен әріптестер «Ойлан-бірік-бөліс» әдісімен жұптық жұмыс жасай отырып, берілген критерийлер арқылы бір-бірінің жұмысын бағалап, кері байланыс берді. «Идеялар себеті», «Пирамида», «Лездеме» т.с.с. бірқатар әдіс-тәсілдерді практикада қолданып, өздерінің авторлық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

    Қатысушылар коучинг соңында «Түйінді ой» рефлексиясын бір сөзбен түйіп, «Бал арасы» әдісі арқылы кері байланыс жасады. Жаңашылдық пен креативтілікке толы, белсенділік пен ынтымақтастықтың озық үлгісін танытқан коучинг өз мақсатына жетті. Коучинг мұғалімдерге шығармашылық шабыт, тың серпін берді.

  • Жаңақорған ауданынан келген мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді

    «Білім-инновация» лицейлеріне тәжірибе алмасу мақсатында Жаңақорған ауданының №209, №125, №239 мектептерінен келген мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Шамшатова Нұрила Қарақұлқызы әріптестеріне коучинг өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

    Қонақтарға Педагогикалық шеберлік кабинетінде жинақталған әдістемелік жұмыстар көрсетілді. Сонан соң лицейдің оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты дайындалған көрме таныстырылды.

  • Педконсилиум

    Ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқару - маңызды міндеттердің бірі. Соған орай лицей-интернатта ата-аналарға арналған педконсилиум өткізілді. Алдымен әрбір сыныпта жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілер І оқу тоқсанының қорытындысы, оқушылардың сабақ үлгірімдері мен тәртібі жайлы айтып өтті. Бұдан соң педконсилиум өткізіліп, ата-аналар пән мұғалімдерінен жеке мағлұматтар ала білді.

  • Құттықтаймыз!

    «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Бейсембаева Медина ІІІ орын, 10-сынып оқушысы Келіс Карина «Алғыс хат» иеленді.

  • ЛИЦЕЙ ҚОРЖЫНЫ ЖҮЛДЕЛІ 14 ОРЫН, 5 «АЛҒЫС ХАТПЕН» ТОЛЫҚТЫ

    5-6 қараша күндері өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты оқушылары 14 жүлделі орын, 5 «Алғыс хат» иеленді.

    Гуманитарлық бағыт бойынша

    «Тарих» секциясы бойынша

    Айтбай Балауса, ІІ орын, 9-сынып

    Әмит Ұлбала, ІІ орын, 9-сынып

    «Өлкетану» секциясы бойынша

    Сұңғатқызы Әсем, ІІ орын, 10-сынып

    Әлібек Әдия, ІІІ орын, 10- сынып

    Бейсенбаева Медина, ІІІ орын, 10- сынып

    «Тіл білімі (қазақ)»секциясы бойынша

    Смағұлова Шахназ, ІІІ орын, 9-сынып

    Нұрланбекқызы Нұрай, ІІІ орын, 9-сынып

    «Алғыс хат» иегерлері

    «Әдебиет (қазақ)» секциясы бойынша

    Беркенова Райхан, 10-сынып

    Алтынбек Жансая, 10-сынып

    «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша :

    Болат Дильназ, І орын, 10-сынып

    Жуматаева Амина, ІІІ орын, 9-сынып

    Ержанқызы Ақниет, ІІІ орын, 9-сынып

    «Физика» секциясы бойынша:

    Алпамыс Мөлдір, ІІІ орын, 11-сынып

    Орынбасар Гүлімжан, ІІІ орын, 11-сынып

    «Информатика» секциясы бойынша :

    Өскелең Ақжан ІІ орын, 10-сынып

    Жолдыбаева Айша, ІІ орын, 10-сынып

    «Алғыс хат» иегерлері:

    Әбдімажитова Жұлдыз, 9-сынып

    Жалғас Амина, 9-сынып

     

  • ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    5 қараша күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен жаратылыстану бағыты бойынша № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.

    «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша :

    Болат Дильназ, І орын, 10-сынып оқушысы

    Жуматаева Амина, ІІІ орын, 9-сынып оқушысы

    Ержанқызы Ақниет, ІІІ орын, 9-сынып оқушысы

    «Физика» секциясы бойынша:

    Алпамыс Мөлдір, ІІІ орын, 11-сынып оқушысы

    Орынбасар Гүлімжан, ІІІ орын, 11-сынып оқушысы

    «Информатика» секциясы бойынша :

    Өскелең Ақжан ІІ орын, 10-сынып оқушысы

    Жолдыбаева Айша, ІІ орын, 10-сынып оқушысы

    «Алғыс хат» иегерлері:

    Әбдімажитова Жұлдыз, 9-сынып оқушысы

    Жалғас Амина, 9-сынып оқушысы

    Жетістікке жеткен оқушыларымызды, жетекшілерін және ата-аналарымызды құттықтаймыз. Республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңін жоғарғы деңгейде ұйымдастырған «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұжымына алғыс білдіреміз.

     

  • «Жас ғалым-2021»

    5-6 қараша күндері өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңіне № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатынан 23 жобамен 39 оқушы қатысады.

    Республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңіне қатысатын Жас ғалымдарымызға сәттілік тілейміз!

  • "Адал еңбек – дәулет бастауы" тақырыбында оқу сағатын өткізді.

    Лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Есбосын Нағиша Қожаққызы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Адал еңбек – дәулет бастауы" тақырыбында оқу сағатын өткізді. Сабақ барысында әріптесіміз Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлер бойындағы құндылықтарды талдап, әдеби эссе жазу үлгісін ұсынды.

  • Құттықтаймыз!

    Шығармашыл оқушылар арасындағы "Ақберен" облыстық өнер байқауында шешендік, білгірлік номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Жанарбекқызы Аруза 1-орын, ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Слам Сандуғаш 2-орын иеленді. Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз.

  • «Ұшқыр ой алаңы»

    Бүгін облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында облыстық дебат турнирі өткізілді. Дебат турнирі №9, №10 «Білім-инновация» лицейлерінің базасында өткізілді.

    Аудандық, қалалық кезеңдерден сұрыпталып келген дарынды оқушылар додаға түсті.

    Аталған дебат сайысында №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушыларынан құралған «Dream cathers» фракциясы (орыс тобы) ІІ орынды иеленді, «Өткір сөз, өтімді ой» фракциясының мүшесі Тамабай Айдана «Үздік сарапшы» номинациясын иеленді. Құттықтаймыз!

  • ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

    «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық байқауынан № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жуматаева Амина «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

  • Құттықтаймыз!

    Әріптесіміз Батышева Гүлзира Аманқосқызы «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-2021» облыстық байқауында ІІ орын иеленді.

  • ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

    Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінен № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары топ жарды.

    «Ең керемет туристік өлке» номинациясы бойынша:

    11- сынып оқушысы Байболат Нұрасыл ІІ дәрежелі диплом иегері

    «Туған өлкенің тарихы» номинациясы бойынша:

    11- сынып оқушысы Нұрлыбекова Бибинур ІІ дәрежелі диплом иегері

    Жеңімпаздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!

     

  • #Тәуелсіздікжетістіктері

    «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Ержанова Мөлдір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының аға оқытушылары Жұмадилдаев Мәулен мен Ахметбек Бақытжан мырзалармен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи жетістіктері мен даму жолы талқыланды.

страница:

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея