Навигация

Новости

Фотогалерея

  • Қамқоршылық кеңес хаттамасы №1

  • Лицейдің 25 жылдық мерей тойы

  • «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын

     

    Бүгін №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын болып өтті. Лицей-интернаттың 21-ші түлектері алтын ұя лицейімен қоштасты. Салтанатты жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова арнайы қонақ ретінде қатысты.Салтанатты шара барысында түлектер би билеп, білім ошағына арналған әндерді шырқады. Соңғы қоңырауды соғу рәсімі 11-сыныптың оқушысы, «Алтын белгі» иегері Жақсылық Ботагөз мен 7-сынып оқушысы Бекмұратова Әселге бұйырды.

  • «Қызылорда облысының білім басқармасының «№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мекеменің 2020 жылғы бюджеті

  • Қамқоршылық кеңесінің №2 хаттамасы

  • Лицей-интернатта Қамқоршылық кеңес құрылды

    «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы және Қызылорда облысының  білім басқармасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №90  бұйрығы негізінде №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында Қамқоршылық кеңес құрылды.

    Қамқоршылық кеңестің құрамы:

     

    Кеңес төрағасы:

    1. Сытықбаев Талғат Айтбайұлы  - Ата-ана, ЖШС «Орда секъюрити», директор (келісім бойынша);

     

     

    Кеңес мүшелері:

    2  Мұхимов Абзал Сансызбайұлы - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері                                                                                        департаментінің басшысы (келісім бойынша);

    3  Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы - Қалалық мәслихат депутаты (келісім бойынша);

    Ашимова Гульнур Султановна  - Ата-ана, Жеке нотариус (келісім бойынша);

    5  Жанибеков Берик Съездович  - Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы (келісім бойынша);

    6  Абдреева Зубайра  - Ата-ана,  Жеке кәсіпкер (келісім бойынша);

    7  Есенбаев Еркебулан Бактыбаевич  - Ата-ана, ЖШС «Қызылорда жарығы», директор (келісім бойынша);

    8  Егизбаева Болган Коптлеуовна  -  Жеке кәсіпкер (келісім бойынша);

    9  Унгарбаев Нуртаза Имамадинович  - Қызылорда облыстық прокуратурасы, прокурор  (келісім бойынша).

     

    Кеңес хатшысы:

    Косаева Райхан Балтабаевна  -  №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

     

     

     

  • «Бойтұмар» тобы - «ЭКСПО  тарихы» облыстық сайысының жеңімпаздары

    «Бойтұмар» тобы - «ЭКСПО  тарихы» облыстық сайысының жеңімпаздары
  • 14.02.2017ж.күні лицей-интернатта «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «ЭКСПО-2017»  интеллектуалды білім сайысы болып өтті.  Сайыстың мақсаты – еліміздің тарихындағы ең елеулі оқиға  «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналды.

    Сайысқа аудандық сайыстардан іріктелген , қалалық сайыстардың жеңімпазы атанған барлығы 11 топ қатысты.  Лицей атынан қатысқан «Бойтұмар» тобын бейінді оқыту жөніндегі орынбасар Н.Шамшатова дайындады.

    Сайыс 3 турдан тұрды, әр тур 2 кезеңге бөлінген. І турда оқушылар өз топтарын таныстырды, сондай-ақ  үй тапсырмасына берілген «ЭКСПО-2017» тақырыбында шығармашылық жұмыс көрсетті. ІІ турда «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбымен «KAHOOT» жүйесі бойынша ЭКСПО тарихынан берілген 15 сұраққа жауап берді. 2 кезеңде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген атаумен ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді. ІІІ турдың І кезеңі «Ойна да ойла» деп аталды. Оқушылар «Q.bits»  құрастырғыштары бойынша 5 минуттың ішінде берілген суретті құрастырып шығуы тиіс болса, 2 кезеңде «Quizlet» бағдарлаамсының рекорд жаңарту ойынымен ЭКСПО-ға байланысты сұрақтар бойынша сайысқа түсті.

    Сайысқа қатысушы топтар өздерінің  белсенділігін барынша таныта білді. Қорытынды нәтиже бойынша №10 қазақ-түрік лицей-интернатының «Бойтұмар» тобы І орынға ие болды. Жүлделі орынға ие болмаған командалар арнайы номинациялармен марапаттталды.

  • Инновациялық мектептердің тәжірибесіне қолдау көрсету

    Инновациялық мектептердің тәжірибесіне қолдау көрсету
  • 15 ақпан  күні  №212 мектеп базасында оқу орталығының ұйымдастыруымен «Білім негізі бастауышта» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педогог қызметкерлердің кәсіби дамуына  көмекті мақсат еткен семинарға №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының мұғалімдері әдістемелік қолдау көрсетті.

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Г.Д.Байназар «Kahoot, quizlet, plickers қолдану тәсілдері» әлемдік жүйе тақырыбында мәлімет беріп, бұл жүйеге тіркелу жөнінде таныстырылым жасап, мұғалімдермен пікір алмасты.

    Математика пәнінің мұғалімі Р.Молдабекова «Математика пәніне қосымша интеллектум ойындарын қолдану» тақырыбында  таныстырылым арқылы ойындар түрлерімен таныстыра отырып, бірігіп жұмыс жасады.

    Семинарға қатысушылар лицей-интернат мұғалімдеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай жұмыстар жалғасын тапса деген ұсыныстарын айтты

  • Сырдария ауданындағы  сабақ

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Дәрібаева Гүлнұр мен тарих пәнінің мұғалімі Байтабынова Анар Сырдария ауданының 11-сынып оқушыларына ҰБТ-дағы өзгеріс пен жаңартулар жөнінде мағлұмат бере отырып, тәжірибелі сабақтарын өткізді. Байтабынова Анар Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларға қосымша ақпараттар беріп, тест тапсырмаларын орындаудағы тиімді жолдарды айтып, қиын тапсырмалардың шешімін топтық жұмыстар арқылы қарастырды. Оқушылардың бойына Сенім қуатын ұялатып, ұтымды логикалық жұмыстарды таратып берді. Оқушылар өз ризашылықтарын кері байланыс арқылы білдірді.

       Ал Дәрібаева Гүлнұр оқушыларға оқу сауаттылығы бойынша деректер айтып, оқу сауаттылығы ашық және жабық сұрақтар негізінде жасалатындығын атап өтті. Оқу сауаттылығындағы ең басты мәселе  – мәтін сұрақтан ашық немесе жабық сұрақ түрлерін  ажырату. Оқушы осы сұрақты ажырата білгенде ғана 20 ұпайды иелене алады. Сабақ соңында оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізіп, сұрақтың түрлерін ажыратты. Сабақ соңында Сырдария ауданының білім басқармасы мұғалімдердің тәжірибелі сабақтарына алғыс білдіріп, алда да осындай жұмыстарға атсалысуға шақырды.

    Қызылорда облысы

    №10 ҚТЛ

  • Робототехника сайысынан жүлдемен оралды

    Робототехника сайысынан жүлдемен оралды

    16-19 ақпан аралығында Астана қаласында «Kazakhstan Robotics Chalange 2017» атты республикалық робототехника сайысы өтті. Сайысқа «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының желісіндегі мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты.

    Сайыс 3 секция бойынша жүргізілді: «Лего сумо», «Гонки по Линиям», «Выполнение Задания». Барлығы 63 команда, 126 оқушы қатысты.

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатынан 3 команда қатысып, 2 команда жүлделі орындарды иеленді.

    «Лего сумо» секциясы бойынша қатысқан Турабай Меруерт пен Дәуренбек Мереке ІІІ орынды, «Гонки по Линиям» секциясы бойынша қатысқан Асылбекова Ботагөз бен Жағал Ақерке ІІІ орынды иеленді.

  • «Жарқын болашақ – білімді жастарда»

    2017 жылдың 16 ақпан күні IX республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының лицейішілік туры болып өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, лицейдің талантты, дарынды, білімді балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатын көздеген «Жарқын болашақ» олимпиадасының бұл кезеңіне 49 оқушы қатысты. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, гуманитарлық пәндерінің мұғалімдері қазылық жасады. Нәтижесінде 16 оқушы  жеңімпаз атанды. Олар: «Жас ғалымдар» бағыты бойынша 10-сынып оқушылары  Базарбай Ақерке І орын, Тунжер Зейнеп І орын, 8-сынып оқушысы Қадыр Ділназ II орын, «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 7-сынып оқушысы Бақытжанова Жанар, 9-сынып оқушысы Жақсылық Ботагөз ІІ орын,8-сынып оқушылары Исабек Құралай, Мұхамбетжан Дана ІІ орын, 7-сынып оқушысы Мұстафа Нұрай, 8-сынып оқушысы Өскенова Айсана III орын,  «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Райымбек Жансая І орын, 8-сынып оқушылары Мансурова Дана, Пернебек Мадина ІІ орын,   «Жазушылар» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Жұмажанова Дилназ І орын, Шайық Жанель  ІІ орын, 10-сынып оқушысы Қандыбек Айжан, 9-сынып оқушысы Серікқызы Нұрай  III орын иегерлері. Жеңімпаз қыздарымызға сәттілік тілейміз!

  • Өнер төңірегінде ой бөлісу

    Өнер төңірегінде ой бөлісу

     Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

    Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналарды бала тәрбиесіне белсене араластыру Қызылорда қыздар лицейінде жақсы жолға қойылған. Осының дәлелі ретінде 17 қаңтар күні 8 «А» сыныбының ата-анасы, өнер мектебінің ұстазы Исаева Райхан «Күй атасы-Құрманғазы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп, оқушылармен ой бөлісті. Тәрбие сағатының мақсаты Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын дамыту, музыканы саналы түрде қабылдауға бағыттау. Тәрбие сағаты барысында  өз шәкірттерін ерте келген ата-ана оқушыларға  Құрманғазы шығармашылығынан күйлер тарту етті. Оқушылар ұсынған сауалға ата-ана жүйелі түрде жауап беріп, келешекте осындай сауалдары болса көмек қолын ұсынатындығын айтты.  Кездесу соңында ата-ана балаларына тәтті конфеттер таратып, естелік суретке түсті.

  • Қыз бала тәрбиесі-ұлт болашағы

    Қыз бала тәрбиесі-ұлт болашағы

    №10 дарынды балаларға арналаған қазақ-түрік лицей-интернатында 19 қаңтар күні «Қазақ аруы-2017» байқауының жүлдегері Әйгерім Қанатбаева және  «Сыр аруы-2017 » байқауына қатысушы қыздармен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің мақсаты: қазақ қызының бойындағы көріктілік, инабаттылық, ибалылық ,ата-ананы сыйлауға,құрметтеуге,қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым қатынаста болуға тәрбиелеу. Кеш барысында лицей оқушылары талапкер қыздармен сұхбаттаса отырып, сұрақтар қойып, қыз бала тәрбиесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар кеш қонағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жастар саясаты жөніндегі маманы, психолог Нәзира Әлмаханова «Сыр аруы-2017» байқауына қатысушы қыздар мен бірге лицей қыздарына псхологиялық тренинг жүргізді. Жағымды көңіл-күй сыйлаған кеш қызықты әрі әсерлі өтті.

    Қызылорда қыздар лицейі

  • Облыстық пәндік олимпиадасынан оқушылар жүлделі оралды!

    Облыстық пәндік олимпиадасынан оқушылар жүлделі оралды!

    «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Еңбегіңімен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатыңызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.

    Қазақ-түрік лицейлерінің дарынды оқушылары білімді мыңды жығатынын, қай жерде болмасын, дәлелдеп жүр.

    Қаңтар айының 5-6 жұлдызында өткен республикалық пәндік білім олимпиадасының  ІІІ кезеңінде (облыстық кезең) оқушылар оза шауып, жүлделі орындарды иеленді. Олимпиаданың лицейішілік кезеңінен сүрінбей өткен 44 оқушының 26-сы облыстық олимпиадада бақ сынады. Нәтижесі төмендегідей болды:

               

     

    Пәні

    Оқушының аты-жөні

    Мұғалімнің аты-жөні

    Сыныбы

    Алған орны

    Ағылшын тілі

    Мухамбетқалиева Жансая Әбдіғабитқызы

    Уайс Бағжан Келдібайқызы

    10A

    ІІ орын

    Ағылшын тілі

    Тұрар Аружан Бақытбекқызы

    Уайс Бағжан Келдібайқызы

    10A

    ІІ орын

    Ағылшын тілі

    Жанғабыл Камила Мақсұтқызы

    Уайс Бағжан Келдібайқызы

    11А

    ІІ орын

    Ағылшын тілі

    Төребаева Жансая Әбжәмиқызы

    Уайс Бағжан Келдібайқызы

    11А

    ІІ орын

    Биология

    Аждарбек Алина

    Ондасынова Дана

    10А

    ІІІ орын

    Биология

    Серікбай Жаңагүл

    Ондасынова Дана

    10А

    ІІ орын

    Биология

    Әбшекен Нұршат

    Ондасынова Дана

    11А

    ІІІ орын

    Биология

    Ермекбай Айгерім

    Ондасынова Дана

    11А

    ІІІ орын

    Информатика

    Орынбекова Аружан Аскербековна

    Жузбаев Арман Касимбекович

    11А

    ІІІ орын

    Қазақ тілі мен әдебиеті қ/б

    Мырзабаева Айерке

    Дәрібаева Гульнур Мырзабековна

    10А

    ІІІ орын

    Қазақ тілі мен әдебиеті қ/б

    Райымбек Жансая Маратқызы

    Қосаева Райхан Балтабаевна

    10Б

    ІІІ орын

    Қазақ тілі мен әдебиеті қ/б

    Жұмабек Жанбота Талғатқызы

    Есбосын Нағиша Қожаққызы

    11А

    ІІІ орын

    Қазақ тілі мен әдебиеті қ/б

    Жасарал Назерке Аңғысынқызы

    Дәрібаева Гульнур Мырзабековна

    11Б

    І орын

    Орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі

    Когай Анастасия Олеговна

    Микеева Лаззат Исеновна

    10Б

    ІІ орын

    Орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі

    Мухаметдинова Эльнара Серверовна

    Дарибаева Гульнур Мырзабековна

    11Б

    ІІ орын

    Қазақ тілінде оқитын мектептердегі орыс тілі

    Абдулхасанова Екатерина Алексеевна

    Альжанова Гульмира Амандыкова

    10А

    ІІІ орын

    Қазақ тілінде оқитын мектептердегі орыс тілі

    Асқарқызы Адель

    Альжанова Гульмира Амандыкова

    10Б

    І орын

    Қазақ тілінде оқитын мектептердегі орыс тілі

    Мұхамеджан Ақмарал Болатбекқызы

    Еркебаева Бибигуль Куандыковна

    11А

    І орын

    Қазақстан тарихы

    Қандыбек Айжан Темірбекқызы

    Сугирова Нурсулу Берикбаевна

    10А

    ІІІ орын

    Қазақстан тарихы

    Исабек Айерке Даниярқызы

    Байтабынова Анар Урстембековна

    11А

    ІІ орын

    Физика

    Бекен Ұлпан Дәуырқызы

    Байтабынова Шынар Урстембековна

    ІІ орын

    Физика

    Қайм Дальназа Бауыржанқызы

    Байтабынова Шынар Урстембековна

    10Б

    ІІІ орын

    Физика

    Абдижамитова Майра Бағдатқызы

    Байтабынова Шынар Урстембековна

    11А

    ІІ орын

    Химия

    Бақытбек Аңсаған Мақсатқызы

    Жиенбаева Әмина Серікқызы

    ІІІ орын

    Химия

    Әлібек Сымбат Жассерікқызы

    Жиенбаева Әмина Серікқызы

    10А

    ІІ орын

    Химия

    Әбдірәсіл Айзат Русланқызы

    Жиенбаева Әмина Серікқызы

    11А

    ІІ орын

    Барлық жүлделі орынға ие болған оқушыларды және олардың мұғалімдерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

     

  • «Эрудит» -  білімді  жастар сайысы

    «Эрудит» -  білімді  жастар сайысы

     «Барлық істің басшысы - білім мен ұғым», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, егеменді елдің тірегі - білімді ұрпақ. Демек, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімді ұрпақта. Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақалының өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Елбасымыздың  сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы.        

             2016 жылдың 9 желтоқсанында  №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының базасында  облыстық білім басқармасы ,   «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  облыстық  «Эрудит» интеллектуалды білім сайысы болып өтті.

     «Эрудит» интеллектуалды білім сайысының мақсаты – мектеп оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жас дарындардың ғылым мен білімге деген ынтасын арттырып, логикалық шеберлігін шыңдауға жағдай жасау, АҚТ құралдарын қолдануды жетілдіру.  Оқушылардың өз бетімен ізденіп, кітап оқуына ықпал етіп, топтық жұмыстар жасауға бейімдеу. Еліміздің құндылықтарын қастерлеп, тарихын құрметтеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

             Сайысқа облыс мектептерінен 5 команда қатысты. Олар:

    1. № 9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының «Ұлы дала ұрпағы» тобы
    2. № 5,6 облыстық мектеп-интернаттың «Тәуелсіздік қырандары - 1» тобы
    3. № 4 облыстық  дарынды  балалар мектеп-интернатының «Дарын» тобы
    4. № 3 мектеп-лицейдің «Мәңгілік Ел» тобы
    5. № 143 орта мектептің «Тәуелсіздік қырандары - 2» тобы

          Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай сайысқа түскен  25 білімді жас бес кезең бойынша сайысқа түсті.

    І кезең. «Топты таныстыру» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар  топтың атауын, ұранын, төс белгісін таныстырды.  

    ІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»деп аталды.  Қатысушылар   4 сурет, 1 сөз ойыны бойынша ұяшықтар таңдау арқылы  берілген  суреттерден шығатын ортақ  сөзді анықтап, орыс, ағылшын тіліне аударды.

    ІІІ кезең. «Үй тапсырмасы» кезеңі бойынша  ел Тәуелсіздігінің   25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік  менің  көзіммен» тақырыбында дайындалған  бейнероликтер тамашаланды.

    ІV кезең: «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» деп аталды. Бұл кезең  екі бөлімнен тұрды:

    Бірінші бөлімде  әр топтың топ басшылары  «Quizlet»  бағдарламасының рекорд  жаңарту ойынымен  Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің   25 жылдығына арналған сұрақтар бойынша сайысқа түсті.

    Екінші бөлімде команда мүшелерінің  логикалық шеберлігін  сынау үшін  «IQ   pazzle» құрастырғышын құрастыру ойыны ойналды.

    V кезең. «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл кезеңге қатысушылар «Kahoot»  жүйесі бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы  пәндерден  берілетін   сұрақтарға  жауап беріп, өз білімдерін сынға салды.

    Тартысты өткен сайыс нәтижесінде № 9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының «Ұлы дала ұрпағы» тобы І орынды, №4 облыстық  дарынды  балалар мектеп-интернатының «Дарын» тобы ІІ  орынды, № 3 мектеп-лицейдің «Мәңгілік Ел» тобы ІІІ орын иеленіп, арнайы кубоктарымен марапатталды. Бұдан бөлек бес оқушы  төмендегідей номинацияларға  ие болды:

    1. Тәуелсіздіктің жас үздігі

    2. Тәуелсіздіктің білімді оқушысы

    3. Тәуелсіз елдің ертеңі                                 

    4. Тәуелсіздік тарихының жаршысы

    5.Тәуелсіздік тарихын насихаттаушы

    Облыстың жас өрендерінің арасында жүргізілген байқау жоғары деңгейде өтті.

  • Тұңғыш президент күні

    Тұңғыш президент күні

    Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі биік тұғырлы орны Елбасымыздың ерен еңбегімен, біртуар тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты. Елбасы және Қазақстан ұғымдары - қарыштап дамуымыздың,  Мәңгілікке нық сеніммен жол тартқан нұрлы жолымыздың жарқын бейнесі. Ал Мәңгілік елдің сара жолын салып берген – біздің  Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы № 83 Конституциялық заң 2000 жылдың 20 шiлдесінде шықты. Аталмыш заңда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының мәртебесi мен өкiлеттiгi баяндалған. Ал, 2011 жылы ел Парламентінің 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні» деп жариялауы осы Конституциялық заңдардың аясында жүзеге асты.

    №10 қазақ-түрік лицей-интернатында Елбасы күніне арналған «Мәңгілік Ел сәулетшісі - Елбасы» атты салтанатты жиын болып өтті. Қазақтың күмбірлеген күйі орындалып, кеш салтанатты түрде ашылды. Бұдан соң лицей директоры А.С.Дюсенбаев мерекелік құттықтау сөз сөйледі. Лицейдің өнерпаз қызы Мейрамбек Құралай әуелете ән шырқап, көрерменді баурады. Көрермендер Елбасының өмір жолынан слайд көріп,  бейнеролик тамашалады. «Елбасыға арнау» өлеңдер сайысының жеңімпазы Аймышева Жаннұр өлеңді  мәнеріне келтіріп оқыса, «Жас ұландықтардың» орындауындағы «Нұр-аға» әні көпшілік көңілінен шыға білді.

    Баршаға патриоттық рух сыйлай білген кеш әсерлі өтті.

  • Ел тәуелсіздігіне 25 жыл!

    Ел тәуелсіздігіне 25 жыл!

    Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

    Азаттықтың ақ таңы атып, еліміз егемендік алғанына биыл 25 жыл толып отыр. Мерейлі мереке құтты болсын!

    №10 қазақ-түрік лицей –интернатында тәуелсідіктің 25 жылдығына орай 25 ісшара жүргізілді.

    Сынып жетекшілер өз сыныптарында «Ата заңым - айбарым» атты тәрбие сағаттарын өтті. 8А сынып жетекшісі Г.Альжанова «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді. «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі Г.Дәрібаева үйірме мүшелерінің арасында мәнерлеп оқудан байқау өткізсе, денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Г.Татишева мен А.Утебаева «Мен елімді қорғаймын» тақырыбында 7-10 сыныптар арасында спорттық сайыстар өткізді.  «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Қ.Елеуова лицей оқушыларын «Жас ұлан» қатарына қабылдап, «Жасай бер, жас Ұлан, шарықта» атты  патриоттық кеш өткізді. Сондай-ақ лицей мұғалімдері арасында «Тіл – ел байлығы» деген атпен ұстаздар сауаттылығын байқау мақсатында «Ашық диктант» байқауы жүргізілді. Нәтижесінде директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Н.Шамшатова І орынды, лицей психологы С.Жұмандықова ІІ орынды, химия пәні мұғалімі А.Жиенбаева мен биология пәні мұғалімі Д.Оңдасыновалар ІІІ орынды иеленді.

    Тарих пәнінің мұғалімдері Н.Сүгірова мен А.Байтабынова валюта күніне орай «Теңге тарихы» атты көрме жасады.

    «Шаңырақ» ата-аналар академиясының төрайымы Р.Молдабекова 8Б сыныбында «Берік Отбасы – Мәңгілік ел» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. 9-10 сынып оқушылары арасында «Біз-Тәуелсізбіз!» атты тақырыпта флешмоб өтті.

    Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында» атты шығармалар байқауы өтті.

    Сондай-ақ мұғалімдер арасында «Білімді Қазақстан» атты танымдық сайыс өткізілді. Гуманитарлық және жаратылыстану бағыты  мұғалімдері екі топ болып, сайысқа түсті. Нәтижесінде гуманитарлық бағыт мұғалімдерінің «Ұлы дала ұстаздары» атты тобы І орынға ие болды.

    Лицей дәрігері А.Дюсекенова 7-10 сыныптарға «Ұлт саулығы – мемлекеттің басты байлығы» атты тақырыпта дәріс сабағын жүргізді. Сондай-ақ оқушылар арасында көрме байқауы, газеттер сайысы өтті. Оқушылар белсене қатысты. 

  • Есбосын Нағиша – республикалық байқаудың жеңімпазы

    Есбосын Нағиша – республикалық байқаудың жеңімпазы

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Н.Есбосын  республикалық «Педагогикалық идеялар» конкурсының жеңімпазы атанды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен аталмыш конкурстың облыстық кезеңі «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» деген атпен қараша айында өткізілген болатын.

    Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстанның заманауи мектептерінің педагогтары мен басшыларының жаңашыл инновациялық тәжірибеоерін тарату және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің педагогикалық қызметін дамтыу.

    Конкурс Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында желтоқсан айының 7-8 күндері аралығында өтті.

    Н.Есбосын фестивальдің «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша «Қыздармен сырласу сабағы – оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдарының бірі» атты тақырыпта баяндама жасап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

    Н.Есбосынды лицей ұжымы атынан жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея