Навигация

Новости

Фотогалерея

  • Лингвистикалық олимпиада жеңімпаздары

    Үстіміздегі жылдың қараша айының 11-ші жұлдызында республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІ кезеңі болып өтті. Олимпиадаға лицейден 5 оқушы қатысып, 3 оқушы  жүлделі орынға ие болды. 10А сынып оқушысы Марат Айдана – І орын, 10Б сынып оқушысы Райымбек Жансая – ІІ орын, 11А сынып оқушысы  Қадыр Арайлым – ІІІ орынға табан тіреді. Жеңімпаз оқушылар ІІІ (қорытынды) кезеңге қатысуға ұсыныс алды.

    Лицейдің дарынды қыздары көптеген олимпиадаларда бақ сынап, жүлделі оралуда. алда алар саулары әлі де көп. Жеңістерің құтты болсын!

  • КИО олимпиадасынан жеңімпаздар шықты

    КИО олимпиадасынан жеңімпаздар шықты

    «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін пәндік қашықтық олимпиадасында оқушылар барлық пәндер бойынша бақ сынай алады.

    Лицейдің 7-10 сынып оқушылары аталмыш олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бақ сынады. Олимпиаданың бірінші кезеңі қараша айынан басталып, желтоқсан айының бірінші жұлдызына дейін жүргізілді. Бірінші кезеңге 50 оқушы қатысып, 26 оқушы екінші  кезеңге өтті.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

    9Б сынып оқушысы Абилазимова Аружан ІІІ орынға ие болды, пән мұғалімі – Г.Байназар. 11-сынып оқушылары Ә.Ермекбай мен Ж.Жұмабектер ІІ орынға ие болса, 8Б сынып оқушысы Нұртілеуова Айымжан І орынға ие болды. Пән мұғалімі – Н.Есбосын.

    Олимпиададан жүлделі орынға ие болу – оқушының және пән мұғалімдерінің үлкен жетістігі. Жеңімпаз оқушыларды және ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

  • 7-сынып оқушыларының жеңісі

    7-сынып оқушыларының жеңісі

    Лицейдің 7-сынып оқушылары республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне  қатысып, жеңіспен оралды.

    1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы жыл сайын өткізілетін ісшара болып табылады.

    Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

    Аталмыш конкурсқа №10 қазақ-түрік лицей-интернатының 7-сынып оқушылары қатысты. 7-сынып оқушысы Рахманкулова Дильназ орыс тілі пәні бойынша «Речевые ошибки в рекламах. Опасны ли они для общества?»  тақырыбында жоба қорғап, І орынды иеленсе, 7-сынып сынып оқушысы Садақбаева Жанерке «Использование неологизмов в СМИ» тақырыбында жоба қорғап, ІІ орынға ие болды. Рахманкулова Дильназ республикалық кезеңге жолдама алды.

    Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.

  • Жармахан Кәмшат облыстық ғылыми жобаның жеңімпазы атанды

    Жармахан Кәмшат облыстық ғылыми жобаның жеңімпазы атанды

    №4 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың базасында республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өтті. Ғылыми жоба байқауына №10 қазақ-түрік лицей-интернатынан 4 оқушы қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 10-сынып оқушысы Жармахан Камшат «Влияние неблагоприятных факторов прилегающих территорий РК Байконыр на биологические показатели животных» тақырыбында биология пәні бойынша жоба қорғап,  жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Келесі кезеңге жолдама алды.

             Байқауда топ жарып, жүлделі орынға ие болған Жармахан Камшатты құттықтаймыз. Алар асуларың алда болсын!

  • «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

    «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

             №10 қазақ-түрік лицей-интернатында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен  Тәуелсіздік » атты мерекелік ісшара болып өтті.

             Ісшара лицей директорының құттықтау сөзімен ашылды.  Лицей директоры А.С.Дюсенбаев мерекелік жиынға қатысушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, жиынға арнайы қонақ ретінде шақырылған, лицейішілік қоғамдық ісшараларға белсенді атсалысып жүрген ата-аналарды «Алғысхаттармен» марапаттады. Сондай-ақ тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай лицей-интернатта жүргізілген ісшаралар аясында, мұғалімдер арасында өткізілген «Ашық диктант» байқауында жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерді және шығарма, өлең шығару байқауларының жеңімпаздары атанған оқушыларды да марапаттады.

             Бұдан соң мерекелік концертке ұласты. Лицейдің өнерпаз қыздары әуелете ән шырқап, биші қыздары би биледі. 8-9 сынып оқушыларының дайындаған тарихи көріністері әсерлі шықты.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде жасалған «25 қайырымды іс» акциясының орындалу барысы жайлы бейнеролик көрсетілді. Лицей ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қатысқан қайырымдылық істер туралы бейнеролик көрерменді бейжай қалдырмады, көпшілік көңілінен шықты.

             Сондай-ақ осы күні лицей «Жас ұлан» ұйымына 25 оқушы салтанатты түрде қабылданып, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі атанды. Лицей табалдырығын биыл аттаған 7-сынып оқушылары салтанатты түрде ант беріп, «Жас ұлан» ұйымының хорын шырқады.

             Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік жиын жақсы деңгейде өтті.

  • Ел тәуелсіздігіне 25 жыл

    Ел тәуелсіздігіне 25 жыл

    8.12.2016ж. күні №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Ұлы Дала  Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбындағы Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған іс-шаралар жоспарының аясында «БІЗ – ТӘУЕЛСІЗБІЗ!» атты тақырыпта флещмоб өтті.

    Флешмоб акциясы лицей директорының құттықтау сөзімен ашылды. Бұдан соң 9А сынып оқушысы Б.Жақсылық «Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп оқыды.

    Әрі қарай лицей оқушыларының флешмобына жалғасты. Қазақ күйлерінің әуендеріне билеген қыздар соңында 25 санын құрады. Лицейдің әнші қыздары «Қазақстаным, алға!» әнін шырқап, флешмоб соңы патриоттық әсермен аяқталды.

  • «Білімді Қазақстан»

    «Білімді Қазақстан»

    «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған ісшаралар аясында лицей мұғалімдері арасында «Білімді Қазақстан» атты танымдық сайыс болып өтті.

    Лицей ұстаздары  жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар бойынша 2 топқа бөлінді. Гуманитарлық бағыт мұғалімдері «Ұлы дала ұстаздары» деген атпен, жаратылыстану бағыты мұғалімдері «Жаужүрек мың қыз, бір бала» деген атпен  сайысқа түсті.

    Ұйымдастырушылар – тарих пәнінің мұғалімдері –А. Байтабынова және Н.Сүгірова.

    Ұстаздар 5 айналым бойынша сынға түсті: топ басшыларының сайысы, «Тұлғаларды тап», «Адасқан әріптер», патриоттық әндерді табу және хормен орындау, тарихи ескерткіштерді табу және олар туралы мәлімет айту.

    Ұстаздар сайыс барысында белсене қатысып, барынша өздерінің барынша білімділіктерін көрсете білді. Патриоттық әндердің атауларын тауып, қосылып хормен шырқай білді.

    Нәтижесінде «Ұлы дала ұстаздары» оза жауып, жеңіске жетті. 

  • 7-8 сынып оқушыларының жеңісі

    7-8 сынып оқушыларының жеңісі

     2016 жылдың 15 желтоқсанында  жалпы білім беру ұйымдарының жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиадаға лицей–интернаттан 8 оқушы қатысты. Оқушылар математика, биология, география, информатика пәндері бойынша сайысқа түсіп, білімдерін сынады. Нәтижесінде биология пәні бойынша Сыражадин Саида І орын, Сайлау Аружан ІІІ  орын, математика пәнінен Бауыржанқызы Самал ІІ орын, география пәнінен Махмутханқызы Алтынай ІІІ орын

  • Лицей ата-аналары сәбилерге қуаныш сыйлады

    Лицей ата-аналары сәбилерге қуаныш сыйлады

    Қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде игі істерді атқарып жүрген «Ел-Арай» қоғамдық қорымен байланыса отырып, лицейдің 7А сыныбы оқушылары, ата-аналары және сынып жетекшісі А.Байтабынова Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің тұрғындары Кенжебек Нұрболат пен Байкен Ботагөздің отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

    Жас отбасы 5 баланы тәрбиелеп отыр. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы болып саналады. 2016 жылы дүниеге келген үшемдері – Хадиша, Айша, Раяна жүрек ақауы және сепсис (қан ауруы) диагноздарымен дүниеге келген. Отбасында үшемдерден басқа 2012 жылы дүниеге келген Алыпхан, 2014 жылы туылған Хамза бар.

    7А сыныбы оқушыларының ата-аналары осындай әлеуметтік жағдайы төмен саналатын және науқас сәбилері бар жас отбасыға өздерінің жинаған 100000 (жүз мың ) теңге көлеміндегі қаржыларына балаларға жартылай автоматтандырылған кір машинасын, дәрі-дәрмектер, бір реттік жаялықтар, түрлі ойыншықтар, қолдан өздері пісірген тәтті бәліштері мен торттарын апарды. Сондай-ақ оқушылар плакаттарға жақсы тілектер жазып, оны оқып берді. Сонымен бірге жанұя туралы өлеңдер оқып, хормен ән шырқады.

    Көпбалалы отбасы «Ел-Арай» қоғамдық қорына және лицей-интернат оқушыларына , ата-аналарына өздерінің алғыстарын білдіріп, рахмет айтты.

    Өздерінің жасаған игі істеріне қуанған 7-сынып оқушылары алдағы уақытта да осындай ісшараларға өз үлестерін қосатынын айтып, бұл отбасыға тағы да көмек беруге келетіндерін айтты.

  • Бәрімен бірдейміз, өнерлі болуды көздейміз

    Бәрімен бірдейміз, өнерлі болуды көздейміз

    Лицей-интернатқа  8 қараша  күні қаладағы №6 құлағы нашар еститін балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың оқушылары келіп, өздерінің өнерлерін паш етті.

                5-11 сынып аралығындағы оқушылар өздерінің өнерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Олардың әр түрлі тақырыпта айтылған әндері  оқушыларды шабыттандырып, жағымды әсер сыйлады. Сонымен қатар мың бұралған бишілердің мағыналы биі көпшілікке ой салды. Арбаға таңылған кішкентай қыздың мүшкіл халін би тілімен жеткізе білуі көрерменнің көзіне жас ұялатты. Халықаралық, республикалық, облыстық өнер байқауларынан жүлделі орындарды иеленген шәкірттер сахнада өзіндік түр-тұлғасымен ерекшеленеді. Патриоттық әндері оқушыларды азаматтыққа, кішіпейілділікке, елжандылыққа тәрбиелейді.

     Лицей-интернат директоры А.Дюсенбаев №6 мектеп-интернаттың ұжымына үлкен алғысын білдіріп, лицей атынан 50000(елу мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық берді.

  • МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

    МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
  • 2016 жылдың 21 қазанында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен математика, физика және информатика мұғалімдері арасында   ІV Халықаралық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

    Конкурстың негізгі мақсаты: мұғалім беделін көтеру, оның кәсіби шеберлігін шыңдау, білім сапасының өсуіне үлес қосу;

    Конкурстың міндеттері: шығармашылықпен жұмыс жасайтын  мұғалімдерді анықтау, үздік шыққан мұғалімдерді дәріптеу, кәсіби біліктілігін арттыру мен оның аумағын кеңейту, мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру болды.

    Лицей-интернаттың физика пәнінің мұғалімі Байтабынова Шынар Урстембекқызы мен информатика пәнінің мұғалімі Жузбаев Арман Қасымбекұлы ІІІ орынды иеленді.

  • Ұстаз еңбегінің нәтижесі

    Білім жолы — қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Білім жолына жетелейтін – ұстаз. «Шәкірт шәкірт емес, ұстазын сүймесе, Ұстаз ұстаз емес шәкірті үшін күймесе» — деген қазақтың ұлы педагогі Ы.Алтынсарин.

    Үнемі ізденіс пен шығармашылық шыңдалуда жүретін ұстаздар еңбегі бір айда емес, бір жылда көрініп те жатады.

    Жыл сайынғы дәстүрлі түрде мұғалімдер арасында өткізілетін мұғалімдер емтиханы әрбір ұстаз үшін өз білімінің қаншалықты екендігін байқайтын сынақ десек те болады. Мұғалімдер емтиханы жылына екі рет өткізіледі. Бірінші емтиханның 40 пайызы, екінші емтиханның 60 пайызы алынады. Яғни ортақ ұпай шығарылады. Сондай-ақ мұғалімдердің сайтқа өз пәндері бойынша түрлі тапсырмалар салуы, өзара сабққа қатысулары т.б. ескеріледі.

    2015-2016 жылғы оқу жылында өткізілген мұғалімдер емитханының қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Н.Есбосын ІІ орынға, география пәнінің мұғалімі Г.Өтегенова ІІ орынға ие болса, тарих пәнінің мұғалімі АБайтабынова алғашқы ондыққа кірді.

    Лицей директоры А.С.Дюсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, аталған мұғалімдердің дипломдарын және ақшалай сыяпаттарын тапсырды. Сондай-ақ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Капашев Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Құрмет грамотасына» ие болды. Әріптестерімізді лицей атынан шын жүректен құттықтаймыз!

  • 25 мұғалім сертификат иеленді

    Қараша айының 7-10 жұлдызы аралығында №10 қазақ-түрік лицей-интеранытының мұғалімдері «KNOWLEDGE engineering»  бағдарламасы бойынша «Білім беруге арналған интерактивті құралдар. Әрбір мұғалім білуге тиісті технологиялар» атты тақырыпта курстан өтті.

    Лицей мұғалімдер «Google» желісін, «Google» дискке құжаттарды сақтауды, «Google Hangouts»  желісінде жұмыс жасауды, «YouTube» желісіне слайд жасап, жүктеуді үйренді. Сондай-ақ курсты жүргізуші куратор мұғалімдерді «Bilimland», «Imektep», «Itest» сайттарымен таныстырды. Аталған сайттарда мұғалімдердің сабақтарына қажетті пайдалы нәрселер өте көп. Сайттар мұғалімдерге өте ұнады. Алдағы уақытта өз сабақтарында міндетті түрде пайдаланатындықтарын айтты.

    ХХІ ғасырда ақпараттық технологияны меңгермей, жұмыс жасау мүмкін емес. Барлығы компьютерлендіріп жатқан уақытта осындай курстың жүргізілгені мұғалімдер үшін тиімді болды. Курс соңында барлығы алған білімдері бойынша тест тапсырып, сертификаттарға ие болды.

  • «Салт-дәстүрің – дәулетің, сақтай білсең – сәулетің»

    Облыстың жалпы білім беру ұйымдарының арасында «Салт-дәстүрің – дәулетің, сақтай білсең – дәулетің» атты тақырыпта облыстық интеллектуалдық сайысы болып өтті. Ұйымдастырушылар – облыстық білім басқармасы  «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы.

    Сайыстың мақсаты мен міндеттері – оқушылардың бойына ұлттық рухани байлықты сіңіру, көнерген салтымызды қайта жаңғырту, үлкендерді құрметтеуге, кішіге ізетті болуға баулу, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

    Байқау қаладағы №187 қазақ орта мектебінде өткізілді. Байқауға №10 қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушылары қатысты: Жақсылық Ботагөз, Әбдіғаппарова Аида, Бейсенбай Қазына.

    Сайыс үш кезең бойынша өткізілді:

    1. Сәлемдесу кезеңі.
    2. Үй тапсырмасы (қазақтың көне дәстүрін жаңғырту мақсатында ұмыт болып кеткен немесе қазіргі күні бұрмаланып қолданылып жүрген салт-дәстүріміздің түпнұсқасын көрініс арқылы ұсыну).
    3. Викториналық сұрақ-жауап кезеңі (әдебиет, мерейтой, музыка, аймақтар, денсаулық, спорт тақырыптары бойынша).

    Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша жекелген оқушыларды марапттау бойынша лицей оқушысы Жақсылық Ботагөз ІІІ орынға ие болды. Лицей мерейін үстем етті. Ботагөзді құттықтаймыз!

  • «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»

    «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»

    Ағымдағы айдың 9 қарашасында №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалінің» облыстық кезеңі болып өтті.

    Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстанның заманауи мектептерінің педагогтары мен басшыларының жаңашыл инновациялық тәжірибелерін тарату және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің педагогикалық қызметін дамыту.

    Бұл фестивалге №10 қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Нағиша Есбосын және биология пәнінің мұғалімі, жас маман Дана Оңдасынова қатысты.

    Н.Есбосын «Қыздармен сырласу сабағы – оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдарының бірі » атты тақырыпта баяндама оқыса, Д.Оңдасынова  «Биология сабағында IPAD құрылғыларын қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыру» атты тақырыпта баяндама оқыды.

    Фестивалдің облыстық кезеңіне қатысушылар біршама болды. Байқауға қатысушы Н.Есбосын топ жарып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Аталмыш фестивалдің республикалық кезеңіне жолдама алды.

    Н.Есбосынды шын жүректен құттықтаймыз, республикалық фестивалде биіктен көрінуіне тілектеспіз.

  • «ТІЛ – ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

    «ТІЛ – ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

    Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы 2016 жылғы 6 қазанда үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» облыстық  олимпиадасын өткізді. 

    Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

    Олимпиаданың міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

    Олимпиадаға 18 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.

    Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар берілді:

    1) Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу;

    2) Берілген тақырып бойынша эссе жазу;

    3) Мәтінге ілеспе аударма жасау.

    Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс болды : бірінші кезең – қазақ тілін білу; екінші кезең – ағылшын тілін білу; үшінші кезең – орыс тілін білу. 

    Лицей-интернаттың химия пәнінің мұғалімі Жиенбаева Әмина мен Әлмаханова Жанна олимпиаданың үш кезеңінен де өтіп, «Алғыс хатпен» марапатталды

  • Жаңашыл жетекші-2016

    Жаңашыл жетекші-2016

    Сынып жетекшілердің жұмысын көрсету мақсатында Қызылорда облыстық білім басқармасының Қызылорда облыстық оқу орталығы «Жаңашыл жетекші-2016» байқауын ұйымдастырды.

    Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми әдістемелік және ақпарт мәдениетін, қазіргі ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын сынып жетекшілердің шығармашылық потенциалын ашу.

    Облыстық байқауға, аудандық (қалалық) кезеңінде жүлделі орын алған жалпы білім беретін мектептердің сынып жетекшілері қатысты.

    Байқауға қатысушылар «Мен және менің сыныбым», «Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны»,  «Мұғалімдік-ұлы міндет» және «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» байқау шарттары бойынша бақ сынады.

    Байқауға №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатынан 10 «А» сыныбының жетекшісі Байтабынова Шынар қатысып, байқаудың барлық шарттарынан жоғары ұпай жинап,  І дәрежелі дипломмен марапатталды.

  • ШАХМАТ -  АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ

    ШАХМАТ -  АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ

    Шахмат  – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны. Бұл ойынды насихаттау және ерекше ойыншыларды марапаттау жұмысы соңғы жылдары  жоғары деңгейде қолға алынып келеді.

    Қызылорда облысының облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  қаладағы №136 орта мектепте  Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына арналған республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңі болып өтті. Аталмыш турнирге №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатынан 10-сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың жаттықтырушылары - денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Г.Татишева мен А.Утебаева.

    Сайыстың нәтижесінде  10-сынып оқушысы  Райымбек Жансая жүлделі ІІІ орынды иеленіп,  жеңіс тұғырына көтерілді.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • «Бірлігі жарасқан – Қазақстан!» атты тарих күні өткізілді

    «Бірлігі жарасқан – Қазақстан!» атты тарих күні өткізілді

    Сыр елі  - тарихи жәдігерге бай, түбі бір түркі әлемінің өркениет жайған қасиетті мекені. Ал осы ұлы даланың сарыны мен қарымын, көне заманнан керуен тартқан халықтың тұрмыс-тіршілігін өзіндік мол мұрасымен  әйгілей алатын бірден-бір орын - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. 

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты  «Бірлігі жарасқан – Қазақстан!» атты   тарих күнінің аясында   10-15 қазаны аралығында лицейдің 7-10 сынып оқушылары облыстық өлкетану мұражайына саяхат  жасады. Экскурсияның басты мақсаты - оқушылардың туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттырып, өз жері туралы жаңаша мағлұматтар берумен қатар, Отанымыздың тарихы жайында шәкірттерге тереңінен білім беру.

     «Тарихты білмей – өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деп ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы,  мұражай сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздан қалған мұраларды сақтап, ел өмірін көрсетуде кеше мен бүгін арасындағы жалғастықтың айқын бедерін танытатын киелі қарашаңырақ саналады.

    Лицей оқушылары мұражайды аралай отырып, туған өлкенің тың тарихымен танысты. Тарих пәні мұғалімдері ұйымдастырған мұражай саяхаты өт қызықты өтті.

    Қызылорда қаласы,  №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея