Навигация

Новости

Фотогалерея

  • Ата-аналар арасында «Достық» турнирі өтті

    Ата-аналар арасында «Достық» турнирі өтті

    Ағымдағы айдың 8 қазан күні Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында лицей ата-аналары арасында волейбол, үстел теннисі және шахматтан «Достық» турнирі өтті.

    “Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

     Лицей ата-аналары арасында «Достық» турнирін өткізудің де мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай–ақ лицей мен лицей ата-аналар арасындағы  қарым-қатынасты нығайту.

    Турнирге лицейдің 8-10 сыныптарының ата-аналары қатысты. Лицей директоры А.С.Дюсенбаев алғысөз айтып, турнирді ашып берді. Бұдан соң 9-сынып оқушысы Қ.Мейрамбек әуелете ән шырқап, келген қонақтардың көңіліне қуаныш сыйлады.

    Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Утебаева мен Г.Татишева сайыстың өткізілу тәртібін түсіндіріп, әрбір сайысқа қатысатын ата-аналарды сайыс түрі бойынша топтастырды.

    Бұдан соң сайыс басталды. Үстел теннисі әйелдер арасында және ерлер арасында өткізілді.

    Сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:

    Волейбол сайысы бойынша:

    І орын – 8-сынып ата-аналары;

    ІІ орын – 7А сыныбы ата-аналары;

    ІІІ орын – 10 А сыныбы ата аналары.

  • Мұғалімнің кәсіби дамуы -  заман талабы 

    Мұғалімнің кәсіби дамуы -  заман талабы 

     Елімізде болып жатқан түбірлі жаңартулар  білім беру жүйесіне де  өз  әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты  мәселелерге ерекше мән беріп  отыр.  

    Жас ұстаз - мектептің болашағы. Ал, болашақ әркез бүгіннен басталатыны сөзсіз. Бүгінгі жас маман  білікті ұстазға айналуы үшін  оларға әрдайым қолдау, көмек көрсетіліп отыруы қажет. Осы мақсатта құрылған «Жас мамандар мектебінде»  2016-2017  оқу жылында  6 жас маман тіркелді.  Жас мамандарға тәжірибелі  мұғалімдер  әдіскер  болып бекітілген.

    7 қазан күні лицейде  директордың бағдарлы оқыту жөніндегі  орынбасары  Нұрила Шамшатованың ұйымдастыруымен  жас мамандарға арнап семинар өткізілді. Семинардың мақсаты  - жас мамандардың  кәсіптік шеберлігін жетілдіріп, тың ізденістер мен әдіс-тәсілдерді үйрету. Семинар барысында жас мамандар сабақтың құрылымына байланысты ұғымдарды анықтап, постер қорғады, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өз бейімділіктерін анықтау бойынша тест тапсырып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында мұғалімдер аталған тақырыпқа байланысты слайд тамашалады.  Жас мамандар өздерін толғандырып жүрген мәселелермен бөлісіп, әдіскер мұғалімдер тарапынан ақыл-кеңестер алды.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Мәңгілік ел – ұлтымыздың ұлы мұраты

    Мәңгілік ел – ұлтымыздың ұлы мұраты

    Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.

    «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алған болатын.  Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасы бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктеген.

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында да «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

    7 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Р.Қосаева 9-сыныпта «Мәңгілік ел – ұлтымыздың ұлы мұраты» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Аталмыш тәрбие сағаты облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан оқу сағаты ретінде көрсетіледі. Іс-шараны ұйымдастырушы – облыстық оқу орталығы.

    Тәрбие сағатын жүргізуші Р.Қосаева ең алдымен сабақтың кіріспесін сөзжұмбақ шештірумен бастады. Яғни сөзжұмбақты шешу арқылы оқушылар тәрбие сағатының тақырыбы қандай болатынын өздері таба білді. «Мәңгілік ел» сөздерінің әрбір әрпіне Қазақ елі туралы жақсы сөздерді айтып, күн бейнесінің ортасына жабыстырып шықты.  Бұдан соң Р.Қосаева «Мәңгілік ел» ұғымын оқушыларға түсіндіре отырып, 7 құндылығына айрықша тоқталып өтті. Осыдан соң оқушылар топтық жұмыс жасады. Сынып ішінде төрт топқа бөлінген оқушылар берілген тақырыпқа сай постер қорғады, бір топ поэзия минуты бойынша өлең оқыса, бір топ оқушылары эссе жазды.

    Сабақ соңында оқушылар стиккерге жазған рефлексияларын тақтадағы күннің бейнесіне жабыстырып, «Бейбітшілік сақталады» әнін хормен шырқады.

    Оқушылардың таным көкжиегін кеңейткен тәрбие сағаты жақсы өтті.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Математика күні

    Математика күні

    2016 жылдың 10 қазанында №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында  математика күні аталып өтті. Түрлі шаралар жоспарланып, математика әлеміне саяхат жасалды.  Әр сабақтың қоңырауында математика көрмесі болып, логикалық жарыстар өткізілді. Түскі уақытта 7-сыныптар арасында “Fraction”  жарысы болды. 7-11 сыныптар арасында “µ” жарысы ұйыдастырылып,  қорытындысы бойынша III орынды 9”A” сынып оқушылары Зиябілова Нұрила мен Жақсылық Ботакөз иеленсе, II орынды 9”A”  сынып оқушысы Темірәлі Дана, I орынды 8”Б” сынып оқушысы Жеңіс Арайлым иеленді. Сонымен қатар, 8-9 сыныптар арасында “Brain Box”  жарысы өткізіліп,II орынды “You Can” тобы алса, I орынды “Butterfly” және “ Arithmetic” тобы бөлісті. 10”A”  сыныбы көрмеде “Sudoku”  және 10 “B”  сыныбы “4 photo 1 word”  ойындарын ұйымдастырды. 8- сыныптар геометриялық фигураларды дайындаса, 9-сыныптар  “Match”  логикалық ойынын ойнатты. Сәрсенбі күні таңертен сыныптар мен жеңімпаздар марапатталды. Белсенділік танытқан 9-10-сынып оқушыларына “Алғысхат”  табысталып, “µ” жарысының жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар үлестірілді.

       №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Ашық есік күні

    Ашық есік күні
  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында   білім берудің барлық деңгейлеріне жаңа талаптар мен міндеттер жүктеді . Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылатыны белгілі.

    Бүгінгі  қоғамның өзекті мәселеcі -  қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген,  бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.

    Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізуде өзіндік тәжірибесі бар қазақ-түрік лицейлері үштілді білім беру жүйесін дамытуда облыстың өзге инновациялық мектептеріне тәжірибе алаңы болып отыр.

    2016 жылдың 8 қазанында   №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында ашық есік күні өткізілді. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев, Облыстық оқу орталығының директоры Сырым  Құрманғазыұлы Асқаров ашық есік күніне қатысушы инновациялық мектептердің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына үштілділікке кезең-кезеңмен көшу мәселесіне байланысты нақты міндеттер жүктеді. №10 қазақ-түрік лицейіне облысымыздағы 9 инновациялық мектепті бекітіп беріп, әдістемелік көмек көрсету міндеттелді.

    Ашық есік күнінің мақсаты  «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстарын жоспарлау, жаратылыстану бағытындағы пәндердің ағылшын тілінде жүргізудің алғышарттарын қарастыру,инновациялық мектептердің тәжірибесіне қолдау көрсету, желілік қауымдастық орнату болды.

      Қатысушылар алдымен жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша кітаптар көрмесін тамашалады.

    Бұдан соң ашық сабқтар шеруі басталды.    Алдымен биология пәнінің мұғалімі Дана Оңдасынова ашық сабақ жүргізді. Мұғалім мен оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі ашық есік күніне қатысушылардың  қызығушылығын туғызды. Сонан соң  Информатика пәнінің мұғалімі Арман Жүзбаев робототехникаға байланысты сабақ өтіп, тәжірибесімен бөлісті.

    Ашық есік күніне қатысушылар лицей-интернатқа ризашылықтарын білдіріп, желілік қауымдастық орнату туралы ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта  бірлесе атқаратын жұмыстарын жоспарлады.

  • Биология күні

    Биология күні

    2016 жылдың 12 қазанында №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында  «Биология күні» аталып өтіп, түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Биология пәнінің мұғалімі Оңдасынова Дананың жетекшілігімен  өткізілген іс шарлар қызықты, әрі жаңаша мазмұнға толы болды. Жоспар негізінде жүргізілген  «Жануар сыны»  сайысы 7,8-сыныптар арасында өткізілді. Шарт бойынша әр сынып  бір жануарды шығарып, жалпы мәліметтер беріп,сол жануардың қимыл әрекетін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде тышқанды таныстырған 7Б сыныбы жеңіске жетті. 7А сыныбы «Креативті қасқыр», 8А сыныбы «Сәнқой мысық», 8Б сыныбы «Биші пингвин» номинацияларымен марапатталды.

     Сонымен қатар, Ipad арқылы арқылы «Quiver», «Science wordsearch»,  «BioIQ»,  «BioGames»  «Anatomy» ойындары  ойнатылды. Қорытындысы бойынша алғырлығымен көзге түсіп, жоғары ұпай жинаған 8А сынып оқушылары Қадыр Дильназ бен Орынбасар Аружан, 9А сынып оқушылары Темірәлі Дана, Жақсылық Ботагөз, Нұрланқызы Бақыт, 9Б сынып оқушылары Бейсенбай Нұрай, Матжан Аружан, Али Аружан жоғарғы ұпай көрсетіп,марапатталды.

     Сайыстың тағы бір бөлігі Ребус және кроссворд жарыссы арқылы жалғасын тапты.Зоология тақырыбында құрастырылған кроссвордты жылдам шешкен 7А сынып оқушылары Тайбасар Шарипа мен Махмутханқызы Алтынай марапатталды. Ал ребус шешуде тапқырлығы үшін 11А сынып оқушылары Танкаева Имана, Жанғабыл Камила, Абдреймова Айжан, Мұхамеджан Ақмарал, 7А сынып оқушысы Әбдісейтова Анель, 9Б сынып оқушысы Тынышбай Ақбаян марапаттталып, сыйлықтар таратылды.

    Биология күнінің қорытындысы ретінде 2 стендке әр сынып тақырыбына байланысты стикермен сұрақтар ілінді. Оқушылар сұраққа жауап беріп, биологияға арналған торт кесіліп, көңілді күймен биология күні ұйыдастырылған шаралар мәресіне жетті.

  • Жас ғалымдар жеңіспен оралды

    Жас ғалымдар жеңіспен оралды

                 Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру мақсатында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Ыбырай Жақаевтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Бөлеген ақ күрішке сұлу Сырды» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар конкурсы болып өтті.

     Аталмыш ғылыми жоба конкурсына №10 дарынды балаларға арналған облыстық  қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары өз жобаларын ұсынды. 10-сынып оқушылары Аймышева Жаннұр, Алданияз Мадина, Матжан Анар және Рақымжанова Ботагөзге облыстық білім басқармасының сертификаты табысталса, 9-сынып оқушылары Бердібекова Айзат пен Тілеміс Флюраның «Күріш қалдықтарынан ксилит алу мүмкіншілігін зерттеу» тақырыбы жоғары бағаланып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Оқушыларымызды  жеңісімен құттықтап, зерттеушілік пен ізденімпаздық жұмыстарына сәттілік тілейміз. 

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-   түрік лицей-интернаты

  • Ұстаздар мерекесі өтті

    Ұстаздар мерекесі өтті

    Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы өсиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.

             Өткен аптаның сенбісінде барлық жерде аяулы жандардың мерекесіне арналған түрлі іс-шаралар өтті. Сондай іс-шаралардың бірі №10 қазақ-түрік лицей-интернатында да болып өтті.

    Іс-шараны  ұйымдастырушылар – 11-сынып оқушылары және лицей оқушыларының парламенті.

             Өзін-өзі басқару күні болғандықтан, 11-сынып оқушылары ұстаздарының орнына сабаққа кірді.

             Таңертең лицейге келген ұстаздарды оқушылар қарсы алып, ұстаздар оқушылар қолымен дайындалған таңғы асты ішті.  Таңғы астан соң, мұғалімдерге арнайы дайындалған сабаққа кірді. Оқушылар дайындаған «Балалық шаққа саяхат», «Ертегілер елінде», «Сергіту» сәті сабақтары ұстаздарға керемет көңіл-күй сыйлады.

             Сабақ соңы лицейдің актзалында өткен мерекелік жиынға ұласты. Мерекелік іс-шара лицей директорының құттықтау сөзімен ашылды. Кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған лицейдің ардагер ұстаздары – Алиакбарова Хамиля мен Каримбаева Гүлнар апайлар ұстаздар күнімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін арнады.

             Оқушылар ән шырқап, би билеп, қойылым көрсетті. Ұстаздармен бірге караокеде ән шырқап, түрлі ойындар ойнатты. Лицей мұғалімдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұстаздар мерекесі жоғары деңгейде өтті.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Жас ғалымдар жеңіспен оралды

    Жас ғалымдар жеңіспен оралды

    Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру мақсатында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Ыбырай Жақаевтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Бөлеген ақ күрішке сұлу Сырды» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар конкурсы болып өтті.

    Аталмыш ғылыми жоба конкурсына №10 дарынды балаларға арналған облыстық  қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары өз жобаларын ұсынды. 10-сынып оқушылары Аймышева Жаннұр, Алданияз Мадина, Матжан Анар және Рақымжанова Ботагөзге облыстық білім басқармасының сертификаты табысталса, 9-сынып оқушылары Бердібекова Айзат пен Тілеміс Флюраның «Күріш қалдықтарынан ксилит алу мүмкіншілігін зерттеу» тақырыбы жоғары бағаланып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Оқушыларымызды  жеңісімен құттықтап, зерттеушілік пен ізденімпаздық жұмыстарына сәттілік тілейміз. 

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-   түрік лицей-интернаты

  • Мен отбасыммен бақыттымын

    Мен отбасыммен бақыттымын

    Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, өзара түсіністік таныту және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 13 қыркүйегі күні №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Мен отбасыммен бақыттымын» атты 7-8- сыныптар арасында фотосуреттер сайысы өткізілді.

    Сайыс қорытындысы бойынша 7 «А» сыныбының оқушысы Имамадин Бағнұрдың «Отбасымдағы ғажайып сәттер» фотосуреті І орынды иленсе, ІІ орынды 8 «А» сынып оқушысы Жанат Айнельдің  «Мен бақыттымын» фотосуреті , ІІІ орынды 8 «А»  сынып оқушысы Өтепберген Ділназдың «Біз біргеміз» фотосуреті жүлдеге лайық деп танылды.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • «Тіл – ұлттың тірегі»  атты тіл мерекесі өткізілді

    «Тіл – ұлттың тірегі»  атты тіл мерекесі өткізілді

     №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында  Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – ұлттың тірегі» атты тақырыпта мерекелік іс-шара болып өтті.

    Іс-шараға «Беркат» шешен этномәдени бірлестігінің өкілі Пираев Сайдамун Махмудович арнайы қонақ ретінде қатысты.

    Лицей оқушылары ана тілінде ән шырқап, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлең оқыды. Лицейдің би үйірмесі қыздарының «Ұлттар достығы» биі де көпшіліктің көңілінен шықты. Биші қыздар қазақ, орыс, түрік, өзбек, украин, кәріс халықтарының ұлттық киімдерін киіп, Қазақстандағы татулық бірліктің үлгісін көрсетті. «Тіл – ұлттың басты негізі» атты бейнебаян тамашалап, лицей жасұландарының орындауындағы «Рух пен тіл», 7-сынып оқушыларының орындауындағы «Ана тілім» әндері де көрермен бойындағы патриоттық рухты оята білді.

    Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

    Қызылорда қаласы,  №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Тілдер мерекесі жалғасын тапты

    Тілдер мерекесі жалғасын тапты

    №10 дарынды балаларға арналған облыстыққазақ-түрік лицей-  интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай бірнеше іс-шара ұйымдастырды.

    9 қыркүйек күні  «Русский язык – язык дружбы» тақырыбында диктанттар сайысын өткізді.  Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың орыс тілін жетік меңгергенін және сауаттылығын тексеру. 9-10 сынып оқушыларынан «Орыс тілі білгірін» анықтау мақсатында I кезеңінде тест тапсырмалары алынды. Тест тапсырмалары 20 сұрақтан тұрды. Нәтижесінде 13 оқушы 20 ұпай иеленді. II кезең диктант мәтінін жазумен жалғасып, 10 «А» сынып оқушысы Абдулхасанова Екатерина мен 9 «Б» сынып оқушысы Сексенбай Назым жазу сауаттылығын жоғары деңгейде көрсетті.

    13 қыркүйек күні «Дружат народы, дружат языки» тақырыбында 7-10-сыныптар арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылып, оқушылар орыс, түрік, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, ән-би орындады. Нәтижесінде 10 «Б» сынып оқушысы Айымшаева Жаннұр және 9 «Б» сынып оқушысы Әбләзімова Аружан жеңімпаз деп танылды.

    14 қыркүйек күні  8 «А» және 8 «Б» сыныптар арасында «Страна, соединившая народы» интеллектуалды-танымды ойыны өткізілді. Қазақстан Республикасының тарихын, салт-дәстүрлерін, ұлтаралық достық пен ынтымақты көрсету  мақсатында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөзжұмбақ сұрақтарына белсенділік танытып өз жауаптарын үш тілде беріп отырды.

             Сайысқа қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, марапаттады.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Мейрамбек Құралай ХVІІ республикалық Абай оқуларының жүлдегері атанды

    Мейрамбек Құралай ХVІІ республикалық Абай оқуларының жүлдегері атанды

    Қазақтың ұлы ойшыл ақындары Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында  тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру - Абай оқуларының негізгі мақсаты.

    8-10 қыркүйек аралығында Семей қаласында, жыр мекені Жидебай жерінде, ХVІІ республикалық Абай оқулары болып өтті. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 113 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Сайыс үш бағыт бойынша өткізілді: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Өлең -  сөздің патшасы, сөз сарасы» және «Көңілім әнді ұғады».

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мейрамбек Құралай Абай оқулары  байқауының облыстық кезеңінен бас жүлде иеленіп, республиаклық кезеңінен «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Талай мәрте жеңіс биігінен көрініп, көмекейінен ән төгілген Құралайдың жемісті күндері көп болсын.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Анам және мен – аспаздармыз шетінен...

    Анам және мен – аспаздармыз шетінен...

    Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

    ҚР Президенті Жарлығымен «Отбасы күні» 2013 жылдан бері аталып келеді. Биылғы жылғы «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланды.  Отбасы күнін өткізудегі мақсат – жанұялық құндылықтарды нығайту.

    Отбасы күніне орай №10 қазақ-түрік лицей-интернатында да түрлі іс-шаралар өтуде. Соның бірі – лицейдің 7-8 сынып оқушылары мен аналарының қатысуымен өткен «Анам және мен – аспаздармыз шетінен...» деп аталатын іс-шара. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы – лицейдің ата-аналармен байланысқа жауапты маманы – Р.Молдабекова. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – қыз балаларды  еңбекке баулу, ана тәрбиесінің өнегесін көрсету, анасы мен қызы арасындағы байланысты нығайту.

    Отбасы күніне орай лицей аналары өз қыздарымен бірге лицей жатақханасында түрлі дәмді ас дайындады. Аналар барлық қырынан өздерінің ас дайындауға шебер екендіктерін көрсетті. Түрлі салаттар, тәттілер, тамақ түрлерін жасады.

    Лицей директоры іс-шараға белсене  қатысқан барлық аналарға рақмет айтып, «Үлгілі отбасы», «Парасатты отбасы», «Өнегелі отбасы», «Мерейлі отбасы» тәрізді номинациялармен марапаттады.

    Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • «WRO – 2016» республикалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары

    «WRO – 2016» республикалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары

    Қазақстан үшін робототехника өте жас сала. Дегенмен де бұл салаға қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Соның дәлелі -  роботоехникаға байланысты өткізіліп жатқан түрлі олимпиадалар мен ғылыми  жоба байқаулары.

    Қыркүйек айының 10 жұлдызында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында  робототехникаға байланысты  «WRO – 2016»    республикалық ғылыми жоба байқауының аймақтық кезеңі  болып өтті.

    Аталмыш байқауда  №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының  оқушылары өз бақтарын сынады.

    Байқауға қатысқан 10-сынып оқушылары - Балтабай Анар, Райымбек Жансая, Бекмырза Аружан, Марат Айдана - робототехникаға байланысты өз жаңалықтарын көрсетіп, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Оқушыларымызды жүлделі орынмен  құттықтап, сәттілік тілейміз!

      Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • «Толағай» отбасылық сайысы

    «Толағай» отбасылық сайысы

    №10 қазақ-түрік лицей-интернатында ата-аналармен жұмысқа үлкен мән беріледі. Ата-аналармен түрлі семинарлар, басқосулар, дөңгелек үстел мен сайыстар ұйымдастырылып отырады. Сондай дәстүрлі іс-шараның бірі – жыл сайын Отбасы күні қарсаңында өткізілетін «Толағай» отбасылық спорттық сайысы.

    Отбасы күніне орай 9 қыркүйек  күні лицей-интернатта аталмыш сайыс болып өтті. Сайысты ұйымдастырушы – денешынықтыру пәнінің мұғалімдері – Г.Татишева және А.Утебаева. Спорттық сайысқа лицейдің 7А және 7Б сыныбының ата-аналарынан құралған топтар қатысты.

    Сайыс лицейдің өнерпаз қыздарының орындауындағы қазақ биімен ашылды. Бұдан соң лицей директоры А.С.Дюсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналарға сәттілік тіледі. Сайысқа қатысушы топтар  «Эстафеталық сайыс», «Кім жылдам?», «Ойнайық та, ойлайық», «Шығыршықпен жүгіру», «Бадминтон» деп аталатын сайыс түрлері бойынша сынға түсті. Екі сынып ата-аналарынан құралған 4 топ жарыстың барлық түрі бойынша жоғары белсенділік танытты. Отбасы бірлігі мен тәрбиесі жеңісінің озық үлгісін көрсетті.

    Сайыс қорытындысы төмендегідей болды:

    7 б сыныбы ата-аналары Мұратбаевтар және Зарлықовтар отбасының топтары  ІІІ орынға ие болды. 7А сыныбы ата-аналары Битеновтер отбасы ІІ орынға ие  болса, осы сынып ата-аналары Өмірзақовтар отбасы І орынға ие болды. «Толағай» отбасылық сайысы жоғары деңгейде өтті.

                                                Қызылорда қаласы, №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Бейбітшілік  пен келісім - бірлігіміздің негізі

    Бейбітшілік  пен келісім - бірлігіміздің негізі

       Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірлігін, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процесінде өскелең ұрпақ арасында халықаралық этностық келісімді қамтамасыз ету, халықтар арасындағы достықты нығайту, сыйластық, татулық, ынтымақ, адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру  мақсатында №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының тарих пәні мұғалімдері «Бейбітшілік және келісім» тақырыбы аясында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

             Тарих пәнінің мұғалімі Шамшатова Нұриланың ұйымдастыруымен  «Достықтың киелі мекені» тақырыбында 8А сыныбында ашық сабақ болып өтті. Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан мемлекетінің қол  жеткен  жетістіктері, «Мәңгілік Ел» идеясы, Елбасымыздың ұстанып отырған бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен бейбітшілік саясаты түсіндірілді,  оқушыларға әлемдегі бейбітшілік мәселесі, достық, татулық ұғымдары айтылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, тақырыпқа байланысты берілген тапсырмалар бойынша сайысты, бейбітшілік ұғымына байланысты шығармашылық жұмыс жасап, постер қорғады.Сабақта оқушылар өз қолдарымен жасаған Бейбітшілік және келісім сарайының макетіне  көгершін бейнесіндегі қағаздарға тілектерін жазып, жабыстырды.Сабақтың соңында   тақырыпқа байланысты слайд, бейнефильм көрсетіліп,  патриоттық әндер шырқалды.

             Сондай-ақ 10Б сыныбында тарих пәнінің мұғалімі Н.Сүгірованың  «Азапты жолдың ақыры» атты тақырыпта ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты - бейбітшілік пен татулықты насихаттау арқылы өткен ғасырдың 30 жылдары кәріс ұлтының бір бөлігінің Қазақстанға жер аударылу тарихынан мәлімет беру. Мұғалім ең алдымен слайд арқылы кәрістердің депортациялану тарихына тоқталды. 10Б сынып оқушысы – кәріс ұлтының өкілі Когай Анастасияның жүлделі орын алған ғылыми жобасының тақырыбына арқау болған ізденістері мен зерттеулері жөнінде мәлімет тыңдалды. А.Когай кәріс халқының ұлттық киімін киіп, оқушыларға өз ұлтының Қазақстанға жер аударылып келу тарихы жөнінде мәлімет берді. Оқушылар тарапынан қызығушылық туып, А.Когайға көптеген сұрақтар қойды. Өз ұлтының тарихын зерттеу арқылы А.Когай өзіне құнды мәліметтер жинағанын айтып өтті. Зерттеушілік негізге құрылған сабақ жоғары деңгейде өтті.

    Осы тақырып аясында тарих пәнінің мұғалімі А.Байтабынова 7А сыныбына «Ұлттарды біріктірген ұлы шаңырақ» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға Ассамблеяның негізгі мақсаты, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және оның басты идеясын түсіндіру және біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Мұғалім сабақтың кіріспе бөлімін ассамблея тарихымен таныстырудан бастады. Әрі қарай берілген суреттер арқылы тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтты. Бұдан соң «Балабақщадан көрініс» деп аталатын видеоролик көрсетілді, яғни балабақшадағы әр түрлі ұлт өкілдері балаларының пікірлері тыңдалды.Оқушыларға сергіту сәтін жүргізу мақсатында түрлі ұлт өкілдерініің музыкалық аспаптарының дыбысын тыңдатып, аспаптың қалай аталатынын оқушыларға тапқызды. Сабақтың қорытындысы ретінде  «Қазақ халқының басқа ұлттарды құшақ жая қарсы алуы» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы оқушылар өздеріне тың мәліметтер алды. Сабақ өз деңгейінде өтті.

                                     Қызылорда қаласы,  №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • «Тәуелсіздік Шыңы» бірегей видеосабақтар

    «Тәуелсіздік Шыңы» бірегей видеосабақтар
  •          

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жақындаған сайын Ұлы күнді ұлықтауға қатысты шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Соның бірі – Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Тәуелсіздік шыңы» атты бірегей бейнесабақтар байқауы.

             Осы байқауға үн қосуды мұрат тұтқан №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері де өз сабақтарын жүргізді.

    11-сыныпта сабақ өткізген Есбосын Нағиша Қожаққызы «Кахут» жүйесімен 3 сұрақтан тұратын  сауалнама жүргізу арқылы сабақ кезеңдерін «Кеше: Бабалар аңсаған азаттық. Бүгін: Тәуелсіздікке – 25  жыл. Ертең: Мәңгілік Ел – мұратым» айдарымен белгілеп алды. І кезеңде оқушылар «Дөңгелек үстел» әдісімен өз зерттеулері мен пайымдауларын ортаға салды. Тақтаға бұл кезеңде Күн дөңгелегі ілініп, Тәуелсіздікке дейінгі сәулесіз Күннің символын бейнелесе, ІІ кезеңде оқушылар Тәуелсіз жылдар жылнамасын жасады. Күннің әр арайына әр жылдағы белестер  жазылып, Күн ортасына 25 саны ілінді. 25 Күн шапағы сәулесін шаша  төгіліп, Еліміздегі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың символын көрсетті. ІІІ кезеңде «Мәңгілік Ел» сөзжұмбағын шешу арқылы Тәуелсіздік шыңы анықталды. Елбасының Тәуелсіздік Толғауы тыңдалып, оқушылардың «Елбасына лебізі» оқылды. Осы тұста Күн ортасына қонақтаған қыран бейнесі еркіндіктің айшықтап тұрды. Парасат-пайымға толы 25 жылдық белесі бар «Қазақстан» атты биік таудың шыңы – «Мәңгілік Ел» аталатындығы туралы ой тұжырым жасалды. Сабақ барысындағы әр кезеңде толықтырылған бейнеден Тәуелсіздіктің 25 жылдық логотипі ашылып, сабақ бірізділікпен мақсатына жетті.

     «Тәуелсіздік шыңы» сабағын  Байназар Гүләйім Досболқызы 7 - сыныбында жалғастырды. Сабақтың алғашқы бөлігінде оқушылар қима суреттерді құрастыру арқылы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мен «Мәңгілік ел» логотиптерін құрастырып, жасырылған «Тәуелсіз Қазақстан» сөзіне поэзия тілімен өлең ұйқастырып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Сабақ барысында Тәуелсіздік шежіресіне арналған бейнебаян көру арқылы, өздерінің ішкі сезімдерін постерге салып бейнелесе, білімдерін бекіту барысында «Plickers» жүйесімен таразылай түсті. Тәуелсіздік шыңына ұмтылған жас ұландар сабақ барысында ерекше патриоттық жігерде болды. Туған жер, елге, Отанға деген ыстық ықыластарын «Атамекен» хоры айшықтай түсті. Сабақ соңында биылғы 7 «Б» сыныбына қабылданған 25 оқушы күн шапағына 25 тілек жазып, Елбасына жолдады.

     

     10-сыныптағы «Тәуелсіздік шыңы» сабағын Дәрібаева Гүлнұр Мырзабекқызы өткізді. Сабақ барысында  Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай ақындардың жарық көрген өлеңдерін оқушылар жатқа мәнерлеп оқып, өз арнау өлеңдерін ортаға салды. Тәуелсіздік шыңы   «Поэзия шыңының» 3 сатысы арқылы баяндалды. Бірінші сатысында оқушылар Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінетіндігін және оған қай ақынның  өлеңінен мысал келтіруге болатындығын айтты. Екінші сатысында «Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік, халқымыз қандай қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді?» деген сауалдарға жауап берді. Үшінші сатысында «Мен келешекке не айтамын?» деген ой арқылы шығармашылық жұмыс жүргізді.

    Тәуелсіздікті әндері мен жырларына  қосқан лицей оқушылары  әр сабақтан егемен еліне, кемеңгер көшбасшыға айтар алғыстары мен мақтаныш сезімдері кеуделерін кернеп шығып жатты.

     

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея