Білім – адам баласының ортақ қазынасы. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде осы қазынаны игеруге шақырып, алғашқы қоңырау соғылды. Облыс, республика көлемінде білімімен биік белестерді бағындырып жүрген Сыр бойының төріндегі іргелі оқу ордасы №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында да бұл қоңырау үні ерекше сыңғырлады. Бірнеше жыл қатарынан білім бәсекесінде облыста І орында тұрған лицей бүгінгі 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынын Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады.
Жиын төрінде тұрған фононың өзі тақырыпты ашып тұрғандай. Ал жиын прологінде орындалған «Білім күні құтты болсын!» флешмобындағы оқушылар қолындағы гүлдер ҚР Конституциясы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы логотиптері, қоңырау, кітап суреттері арқылы көмкеріліп, салтанатты жиынның мақсат-міндетін айқындағандай әсер қалдырды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын әуелете шырқаған лицейліктердің өз елінің патриоттары екендіктері жарқын үндері мен жалынды жанарларынан сезіліп тұрғандай.
Үстіміздегі оқу жылының мақсат-мұраты мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын білім, тәрбие үдерісіне енгізу жолдары туралы сөз сөйлеген жиын қонағы облыстық білім басқармасының орынбасары Ерташова Құралай Сақтағанқызы мен лицей директоры Дүйсенбаев Әсет Серікұлы лицей ұжымы мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
Лицейдің тарихы мен тынысын бейнелеген бейнеролик білім ошағын тану, құрметтеу, жетістіктерін жетілдіруге құлшыныс тудыру, мақтаныш сезімін ояту, өз ордасының патриоты болуға ұмтылдыру сезімдеріне жетелегендей әсер қалдырды.
Румынияда өткен ХІІІ Халықаралық Тілдер мен Мәдениет фестивалінің алтыналқа иегері, Облыстық «Bala Turkvizyon - 2015», «Абай оқулары – 2016»байқауларының жеңімпазыМейрамбек Құралайдың орындауындағы «Қазақ елі осындай», «Ертеңіме сенемін» әндері жиынның ажарын аша түсті, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жиын барысында биылғы оқу жылында білім нәрімен сусындатып, ұлағатты тәлім-тәрбие берер ұстаздарымыз бен тәрбиешілерімізді лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Микеева Ләззат Есенқызы таныстырды.
Жиын соңында жаз күндері РИО-да өткен ХХХІ жазғы спорттық олимпиадада 17 мың халқы бар қазақ халқы үшін спортшыларымыздың 17 медаль жеңіп алуы символдық сый болғандығы қуанышпен хабарланып,Қазақстанның рухын асқақтатқан, Туын әлем көгінде желбіреткен, Әнұранын әуелеткен, қуанышты көз жастарын көлдеткен сәттерін жиналғандар орындарынан тік тұрып, жалауларын желбіретіп қошемет көрсетіп тамашалады.
Лицей оқушылар Парламентінің Президенті, 11-сыныптың оқу озаты Орынбекова Аружан мен лицейге ең жоғары ұпайменқабылданған 7-сынып оқушысы Зарлықова Жібек соққан күміс қоңырау сыңғыры білім бағына шақырып, «Мен өз Отанымның патриотымын» алғашқы сабағына бастап кетті.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушылары №6 есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған лицей-интернатының 2-сынып оқушысы Шермағанбет Ақеркеге көмек қолын созды. Оқушылар Ақеркеге қажетті киімдер, сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Оқушы - Жалағаш ауданының тумасы, жанұяда балалардың үлкені, отбасында бес ағайынды екен. Жанұяның әлеуметтік жағдайы өте төмен, анасы мен әжесі бес баланы тәрбиелеп отыр. Әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан, Ақерке көбінде интернатта тұрақтап қалады екен.
Ақерке - өнерімен көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүрген талантты, дарынды, тәрбиелі оқушылардың бірі. Бұл жолы №6 лицей-интернатының оқушылары «Жүрегіңе сен» атты мерекелік кеш ұйымдастырғандықтан, Ақеркенің өнерін тамашалауға мүмкіндік болды. Ақерке оқушыларға арнап ән айтып, би биледі. Кеш барысында дарынды балалар өз өнерлерін жан-жақты көрсетіп, ұстаздар мен қонақтарды бірде қуантса, бірде көздеріне жас алдырды.
Осындай қайырымды шараны ұйымдастыруға мүмкіндік жасаған лицей басшылығына да, балаларға қуаныш сыйлауға қаржылай көмектескен ата-аналарымызға да алғысымыз шексіз.
№10 Қызылорда қыздар лицейі, 9 А сыныбы
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 8 «А» сыныбы оқушылары сынып жетекшісі Нұрсұлу Сүгіровамен бірге №5 көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Олар оқушыларға концерттік бағдарламамен барып, өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ, қайырымдылық қорына жиналған қаржы есебінен волейбол, баскетбол доптары мен волейбол торын, спорттық киімдер табыстады. Мектеп-интернат ұжымы атынан директоры лицей оқушыларына ризашылық сезімін білдіріп, алғыс айтты.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қосаева Райханның «Ілия Жансүгіров оқулары» облыстық байқауына баптап қосқан жүйрігі облыс бойынша шашасына шаң жұқпай, бәйгенің алдын алып келді. Бұл байқаудың мақсаты - оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру болатын.
Байқауға поэзияны сүйетін, өленді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза алатын ақындық талабы бар және «жыр Құлагері» атанған Ілиястың шығармаларын жақсы білетін, оның өлеңдері мен прозалық, драматургиялық шығармаларын талдай білетін жеңімпаз оқушылар қатысты.
Міне, осы байқаудың жеңімпазының есімі - 8-сынып оқушысы Сакибаева Фариза болатын. Фариза байқаудың барлық 4 номинациясы бойынша өз өнерін көрсетіп, бақ сынады. Нәтижесінде жүлделі І орынға ие болды.
Фаризаны және ұстазы Райхан апайды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы өтетін республикалық байқаудан жүлделі оралуына тілектеспіз.
№10 Қызылорда қазақ-түрік лицей-интернаты
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 7 А сыныбы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясына ұйымшылдықпен атсалысты. Сынып жетекшілері Рәзия Молдабекованың ұйымдастыруымен ата-аналар мен оқушылар «Ұмай» емдеу-тәрбиелеу балалар қайырымдылық үйіне барып, моральдық-материалдық көмек көрсетті.
Ата-аналар балалардың тамағына арнап қайырымдылық үйінің асханасына бір қойдың еті мен 30 литр сүт тапсырды. Сондай-ақ, 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 60 мың теңге көлемінде киім-кешектер сатып алып, табыстады. Ал оқушылар балаларға арналған әндер айтып, қолдарыннан пісірген тәтті тоқаштарын ұсынды.
Балалар Үйінің директоры Гүлбану Шамұратова лицей ұжымына жасап жатқан қайырымды істері үшін ризашылық білдірсе, балалар концерт қойып берді. Кездесу соңында барлығы қосылып, «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындап, қоштасты.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясы жалғасуда. Қайырымдылық іс-шарасы Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында лицейіміздің 10 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен қаламыздағы қарттар және мүгедектерге арналған орталықта өткізілді. Онда оқушылар егде жастағы апа-аталарымызға арналған концерттік бағдарлама ұсынды.
Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 12 ұлттан құралған 178 қарт пен мүгедек жандарға пайдалануға берілген.
Лицей оқушыларының «Қарттарым - асыл қазынам» атты іс-шарасы осы ғимаратта жоғары деңгейде өткізіліп, оқушыларымыз өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарламаның соңында қарттарымыз оқушыларымыздың дайындаған тәттілерінен дәм татып, келген оқушыларға ақ батасын айтып, алғыс білдірді.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 7-9-сыныптарының 27 оқушысы «КАТЕВ» тарапынан ұйымдастырылған білім олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 9 А сыныбының оқушысы Абдулхасанова Екатерина орыс тілінен - І орынды жеңіп алса, 9 Б сыныбының оқушысы Райымбек Жансая қазақ тілінен, 8 А сыныбының оқушысы Зиябілова Нұрилла мен 7 Б сыныбы оқушысы Еменова Гүлдана Қазақстан тарихынан, 7 Б сыныбы оқушысы Аманова Жұлдыз орыс тілінен – ІІ орын, 9 Б сынып оқушылары Асқарқызы Адель орыс тілінен, Когай Анастасия қазақ тілінен, 8 Б сыныбы оқушысы Өмірзақ Ақерке түрік тілінен, 7 Б сыныбы оқушылары Мансурова Дана мен Мешітбаева Арайлым Қазақстан тарихы пәнінен, 7А сыныбы оқушысы Орынбасар Аружан қазақ тілінен ІІІ орын иемденді.
Барлық жеңімпаздар оқушыларымыз бен ұстаздарын білім бәйгесіндегі жеңістерімен құттықтаймыз!
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 71жылдығына арналған «Бейбітшілік - ел ұраны, бейбіт елдің біз ұланы» атты әскери-патриоттық әндер конкурсы болып өтті.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Сондықтан осынау күнді ұрпақ жадында қалдыруды мұрат тұтқан шараның берері мол болды.
Әр сынып патриоттық ән таңдап қана қоймай, оны көрініспен әрлеп, әнге сай киімдерімен толықтырып, жан-жақты, әсерлі етіп ұсынуға тырысты. Нәтижесінде «Ана туралы баллада» әнімен 7 Б сыныбы І орынды, 8 А сыныбы «Егемен Қазақстан» әнімен, 8 Б сыныбы «Смуглянка» әнімен ІІ орынды жеңіп алды.
Лицей директоры Омаров Бақытжан ағай лицей ұжымын мерейлі мерекемен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі оқушылары мамыр айының алғашқы күндері мерекеленетін атаулы күндерге байланысты «Тілегіміз – тыныштық, ұранымыз – ынтымақ» атты флешмоб ұйымдастырды. Оған әр сыныптан 5 оқушыдан өздеріне бөлінген ұлттардың ұлттық биін билеп, татулығы мен бірлігі жарасқан Қазақстан халқының ынтымағын паш ететін мерекелік биді тарту ретінде ұсынды. Атап айтсақ, 7 А – қазақ, 7 Б – түрік, 8А – кәріс, 8Б – грузин, 9 А – украин, 9Б – орыс, 10 А – өзбек, 10 Б – татар ұлттарының биін көрсетті.
Флешмоб соңында биге қатысқан 40 оқушы түймедағы гүлімен лицей ауласын гүл алаңына айналдыра отырып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында лицей Парламентінің ұйымдастыруымен лицейішілік «Сыйлық алмасу» күні болып өтті.
Бұл іс-шараға ұстаздар, тәрбиешілер, лицей қызметкерлері және оқушылар белсене атсалысты. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен бір-біріне жылы лебіздерін арнап, сыйлықтарын табыстады. Татулық пен келісімнің нұрына малынған, бір шаңырақтың астында береке мен бірлігі тасыған ұжымның достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, ынтымақтастығы арта түсуіне, бір-біріне ілтипат пен ыстық ықыластарын жеткізуге мүмкіндік берген шара өте әсерлі әрі тағылымы мол болды.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аяулы алақанын ұсыну, жүрегіне жол табу, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей ата-ананың қамқорлығынан тумысынан ажырап қалған мөлдіреген көздің жасын сүрту – адамгершіліктің асылы. Сол жандарға қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жанашырлық таныту - адамның игі істерінің ең үлкені. Сол мақсатта №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының «Жаратылыстану» пән бірлестігінің мұғалімдері қайырымдылық іске атсалысты. Пән мұғалімдері «Сәбилер үйінің» тәрбиеленушілерін қажетті құралдармен жабдықтады.
№10 қазақ-түрік лицей-интернаты.
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты Республикамыздың тұғырлы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясын бастаған болатын. Лицей оқушыларының шараға деген ынта-ықыластары, белсене қатысуға деген ниеттері ерекше. Шара барысында облыс көлеміндегі түрлі жағдайдағы көмекке зәру отбасылар мен мемлекет қамқорлығына алынған әр түрлі жас деңгейіндегі жандарға моральды және материалды көмек көрсетілді. Сол шараның әлі де жалғасын тауып келе жатқанының бір көрінісі - лицейдің осы жылғы түлектері, яғни 11-сынып оқушылары «Ел-Арай» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, облыстың әр бөлігіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуы.
Сәуірдің отызы күні орын алған шараның барысында қор елу отбасыға арнайы дайындалған азық-түлік қораптарымен, ал лицей оқушылары сол отбасылардың бесеуіне материалдық көмек және де өз қолдарымен дайындаған тәтті тартуларымен барды. Атап айтқанда, қаңырап қалған өзгенің жарамсыз «үйшігін» паналап отырған Гүлсара әжей мен немересі Бекарысқа оқушылар барынша еріктілерді жұмылдырып қаржы жинап, күнделікті тұрмысқа керек заттар мен 7-сыныпқа аяқ басқалы отырған озат оқушы- Бекарысқа мектепке қажетті бұйымдар сыйға тартты.
Осы шараға атсалысқан 11-сынып оқушыларына, сынып жетекшісі- Байтабынова Анар апайға, сыныптың тәрбиешісі - Жиенбаева Амина апайға шексіз алғыс айтылды.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясы жалғасуда. Соған орай 8 Б сынып оқушылары мен ата-аналары облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бүлдіршіндері үшін көптеген тосын сыйлар жасады. Олар бөбектерге керек заттар мен ойыншықтар сатып алды. Сәбилер үйінің сұраныстары ескеріле отырып, қаламсаптар, сурет дәптерлері мен тәтті тағамдар жеткізілді.
Сондай-ақ, оқушылар бөбектер үшін ән шырқап, би биледі, ертегіден көріністер қойып берді. Балаларды ортаға алып, би билетіп үйретті. Сәбилер үшін даярланған барлық номерлер сәтті шықты. Бөбектер мен тәрбиешілердің ризашылығына бөленген оқушылар да, балалар да қуанышқа кенелді.
Осындай қайырымды шараны ұйымдастыруға мүмкіндік жасаған лицей басшылығына да, балаларға қуаныш сыйлауға қаржылай көмектескен ата-аналарымызға да алғысымыз шексіз.
№10 Қызылорда қыздар лицейі, 8 Б сыныбы
№10 қазақ-түрік лицей-интернатында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының негізімен дүниежүзілік кітап күніне орай «Бір лицей - бір кітап» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты - оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.
Лицей кітапханашысы Баян Сағидатова және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдасуымен 7-8-сынып оқушыларына көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасын оқу ұсынылды.
Мұндағы мақсат - балалар әдебиетінің классигі, балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасын оқуға ұсына отырып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармасы бойынша өз ой-пікірлерін айта білуге үйрету, тіл байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Лицей кітапханасында аталмыш шығарманы талдау мақсатында 7-8- сынып оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оқушылар алдымен жазушының өмір жолы мен шығармашылығынан хабардар ететін бейнежазба тамашалады, содан соң жазушының басқа да шығармалары туралы кеңінен тоқталып айтып өтті. Бұдан соң кітап бойынша сұрақтар қойылып, талқылау өтті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Есбосын, тарих пәнінің мұғалімі Н.Шамшатова шығарма жайында өз пікірлерін айтып, оқушылармен бірге балалық шаққа саяхат жасап қайтқандай болды.
Жазушы шығармасы оқушыларға қатты әсер еткендігі байқалып тұрды, өйткені дөңгелек үстелге қатысқан әрбір оқушы талқылауға белсене қатысты. Әдемі әңгімемен өрбіген әсерлі кездесу жоғары деңгейде өтті.
№10 Қызылорда қыздар қазақ-түрік лицейі
№ | Оқушы ID | Аты | Тегі |
1 | 90010383 | АДЕЛЬ | СЕРІБАЕВА |
2 | 90010701 | АЙБИКЕ | ЖАНӘБІЛ |
3 | 90710587 | АЙГЕРІМ | МҰҚАШЕВА |
4 | 90823050 | АЙДАНА | БЕГЕНОВА |
5 | 90010486 | АЙДАНА | ТУЛЕКБАЕВА |
6 | 90010247 | АЙЖАН | БОЛАТОВА |
7 | 90010121 | АЙЖАН | ҚУАНЫШБЕК |
8 | 90010589 | АЙКЕНЖЕ | ҚАЛЫБЕКҚЫЗЫ |
9 | 90010402 | АЙНЕЛЬ | СЕРИКБАЕВА |
10 | 90010125 | АЙЫМ | СЕЙТМАҒАМБЕТОВА |
11 | 90010396 | АЙЯ | МАШБЕКОВА |
12 | 90010106 | АҚАЙЫМ | АСАН |
13 | 90010474 | АҚНҰР | ЖАХАНША |
14 | 90363097 | АЛТЫНАЙ | МАХМУТХАНҚЫЗЫ |
15 | 90010351 | АЛУА | МҰРАТБАЙ |
16 | 90010196 | АРАЙЛЫМ | БАЙКЕМЕЛ |
17 | 90330097 | АРАЙЛЫМ | ТОҚШЫЛЫҚ |
18 | 90363046 | АРУЖАН | АЛТЫНБЕК |
19 | 90010404 | АРУЖАН | ӘБСАДЫҚ |
20 | 90010055 | АРУЖАН | БАҚЫТЖАН |
21 | 90390141 | АРУЖАН | ТӨЛЕБАЕВА |
22 | 90010577 | АРША | КУРМАНАЛИ-ХОДЖА |
23 | 90010146 | АЯҒАНОВА | МЕРУЕРТ |
24 | 90010155 | АЯУЛЫМ | ДАРҚАНБЕКҚЫЗЫ |
25 | 90010090 | АЯУЛЫМ | ЖУНИСОВА |
26 | 90823073 | АЯУЛЫМ | ҚАЙБАРОВА |
27 | 90010586 | АЯУЛЫМ | НУРАДИН |
28 | 90010733 | ӘНЕЛ | ӘБДІСЕИТОВА |
29 | 90010009 | ӘНЕЛ | КӨПЖАСАР |
30 | 90010033 | БАҒИЯ | ЕРЖАН |
31 | 90010308 | БАҒНҰР | ИМАМАДИН |
32 | 90010515 | БАЛНҰР | АМАНГЕЛДИЕВА |
33 | 90723123 | БАЛНҰР | НҰРЛАНҚЫЗЫ |
34 | 90010120 | БАЯН | САРИБАЕВА |
35 | 90010267 | БАЯНСҰЛУ | ТӨЛЕБАЙ |
36 | 90363078 | БИБІДАНА | СЕРХОЖА |
37 | 90710547 | БОТАКГӨЗ | ЖУБЕКЕШ |
38 | 90010271 | ГУЛЬВИРА | УЗАКБАЕВА |
39 | 90010261 | ГҮЛЖАЗИРА | ЖАНСАЙ |
40 | 90010678 | ГҮЛЖАНАР | АМАН |
41 | 90333125 | ГҮЛЖАУҺАР | ЖАХАНША |
42 | 90450624 | ГҮЛЗИРА | ӘМИ |
43 | 90723133 | ГҮЛМИРА | ТҰРСЫНБЕКОВА |
44 | 90513140 | ГҮЛНАЗ | ШАМША |
45 | 90010211 | ГҮЛНҰР | ӘБУТӘЛІП |
46 | 90823013 | ҒАЙША | ӘРІПХАН |
47 | 90010216 | ДИАНА | БУЙРАБЕК |
48 | 90010392 | ДИАНА | РЫСБЕКОВА |
49 | 90010070 | ДИЛЬНАЗ | АЙТМАҒАНБЕТОВА |
50 | 90823021 | ДИЛЬНАЗ | ӘЛҚУАТОВА |
51 | 90010755 | ДИЛЬНАЗ | РАХМАНКУЛОВА |
52 | 90010331 | ДИЛЯРА | БАЙҚОҢЫР |
53 | 90010005 | ДИЛЯРА | БЕКМАҒАНБЕТ |
54 | 90010560 | ЖАДЫРА | МЕЙРАМБЕК |
55 | 90710134 | ЖАНАР | БАХЫТЖАНОВА |
56 | 90010158 | ЖАНБОТА | ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫ |
57 | 90010654 | ЖАНЕРКЕ | РАХЫМЖАН |
58 | 90163186 | ЖАНЕРКЕ | САДАҚБАЕВА |
59 | 90010145 | ЖАНСАЯ | АЯҒАН |
60 | 90010518 | ЖАНСАЯ | БАКИТБЕК |
61 | 90453212 | ЖАНСАЯ | ЖЕТКЕРБАЙ |
62 | 90330177 | ЖАНСАЯ | СЕРІК |
63 | 90010694 | ЖАСМИН | ШӨМЕКЕЙ |
64 | 90010304 | ЖӘНИЯ | АБУБАКИОРВА |
65 | 90823068 | ЖӘНИЯ | ОРМАНБЕК |
66 | 90010101 | ЖӘНИЯ | ТАСҚАРА |
67 | 90010412 | ЖІБЕК | ЗАРЛЫҚОВА |
68 | 90010043 | ЖІБЕК | СӘУЛЕБАЕВА |
69 | 90010638 | ЗАРИНА | АБДРАХМАН |
70 | 90823062 | ЗАРИНА | НАЗАРБАЕВА |
71 | 90010228 | КАМИЛА | БОЛАТОВА |
72 | 90010276 | КАМИЛА | ҚУАНТҚАН |
73 | 90010112 | ЛАУРА | СЕРІК |
74 | 90010427 | ЛӘЗЗАТ | ӨТЕП |
75 | 90010553 | МАРЖАН | ЫСҚАҚОВА |
76 | 90163171 | МЕРУЕРТ | ТӨЛЕЕВА |
77 | 90010107 | НАЗГҮЛ | БАҚЫТЖАН |
78 | 90010046 | НАЗЫМ | ҚАЛМАҒАНБЕТ |
79 | 90710441 | НАЗЫМ | САДУОВА |
80 | 90010021 | НӘРКЕС | БОСТАН |
81 | 90453157 | НҰР | НАҒАШЫБАЙ |
82 | 90010139 | НҰРАЙ | ҚҰРМАНБАЙ |
83 | 90163122 | НҰРАЙ | МҰСТАФА |
84 | 90010257 | НҰРАЙ | ОРАЗБЕК |
85 | 90163123 | НҰРАЙ | ӨМІРЗАҚОВА |
86 | 90823027 | НҰРАЙ | ТОҚСАНБАЙ |
87 | 90010154 | НҰРАЙ | УМИРЗАКОВА |
88 | 90823051 | НҰРИЛА | БАЛАБЕКОВА |
89 | 90010457 | НҰРЛЫАЙЫМ | БАЙТІЛЕС |
90 | 90010096 | ОРМАНБЕКОВА | АРУЖАН |
91 | 90010254 | ПЕРИЗАТ | ҚАСЫМБЕКОВА |
92 | 90010241 | САИДА | СЫРАЖАДИН |
93 | 90330401 | САМАЛ | БАУЫРЖАНҚЫЗЫ |
94 | 90010478 | ТОЛҒАНАЙ | МЫРЗАҒАЛИ |
95 | 90010677 | ҮМІТ | МАҚСАТҚЫЗЫ |
96 | 90453161 | ФАРИЗА | ДАУЫЛБАЙ |
97 | 90010348 | ШӘРИПА | ТАЙБАСАР |
98 | 90010521 | ШҰҒЫЛА | ОРЫНБЕК |
99 | 90010027 | ІНЖУМАРЖАН | ШАХМАРАЛ |
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатына оқушы қабылдау науқаны аса жауапкершілікпен ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылы лицейдің 7-сыныбына оқушы қабылдауға тіркеу жұмысы 4 сәуірден басталып, 24 сәуір күні қабылдау емтиханы болып өтті. Қызылорда қаласы бойынша - 713, Жаңақорған ауданынан – 88, Жалағаш ауданынан – 30, Сырдария ауданынан – 47, Шиелі ауданынан – 130, Қармақшы ауданынан – 79, Қазалы ауданынан – 91, Арал ауданынан – 109 оқушы – барлығы облыс бойынша 1288 оқушы 8 пунктте емтихан тапсырды. Олар І турда математика, логика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндері бойынша 60 сұраққа тест жүйесімен жауап берді.
ІІ турға өткен оқушылар 15 мамыр күні жоғарыда аталған пәндер бойынша 75 сұрақтан тұратын тесттен өтетін болады.
Өз білімдеріне сеніп, лицейімізге құжат тапсырған барлық талапкерге сәттілік тілейміз. Білім сынынан сүрінбей өтіп, облысымыздағы ең таңдаулы оқу орны – қазақ-түрік лицейінің шәкірті атануларына тілектестік білдіреміз.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясы жалғасын табуда. Бұл жолы лицей «Жас ұлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына ат басын тіреді.
Өткен жылы Қызылордада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге арналған отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылған болатын. Онда 8 екі қабатты және 1 әкімшілік ғимараттың құрылысы салынған.
Мұнда қаладағы балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі көшіп келді. Әр коттеджде 7-10 баладан тұрады. Және 3 пен 18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер отбасы үлгісінде тәрбиеленеді екен, яғни әрбір отбасының өз анасы бар. Сегіз тұрғын үйден тұратын отбасылық үлгідегі балалар ауылын ашу арқылы Қызылорда облысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі жойылған бірден-бір аймақ болып отыр. Балалар ауылын құрудағы негізгі мақсат балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуін жанұялық жағдайда қалыптастыру.
Міне, осы отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы достарына облыстық «Жас ұлан» ұйымымен бірге лицей жас ұландары да барып қайтты. Жасұландықтар балалармен бірге тал отырғызып, өздерінің тілектерін айтып, сыйлықтарын жасады.
Отбасылық ауыл балалары оқушыларымызбен бірге естелікке суретке түсіп, алғыстарын айтты.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты оқушылардың өлкетану, табиғат қорғау тәрбиесіне де баса назар аударады. Соның бір айғағы – қаламыздағы тарихи ескерткіштер туралы зерттеп және оларды қамқорлыққа алуы. Әр жылдың 18 сәуірі - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып жарияланған. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Осыған орай, қазақ-түрік лицейінің жасұландары және №264 мектеп-лицей жасұландары бірігіп, қала орталығындағы Жалаңтөс Бахадүр ескерткішіне барып қайтты. Жасұландықтар батырдың өмірбаянымен танысты.
Жалаңтөс Сейітқұлұлы 80 жыл /1576-1656жж/ ғұмыр кешіп, барлық өмірін өзі жасаған дәуір халқының азаттығы, тәуелсіздігі және тыныштығын ойлап, әрі сол жолға басын өлімге тігуден еш қаймықпаған нағыз баһадүр қазақ осы Жалаңтөс десек қателеспейміз. Қол астына тек өз ұлтының ұландарын емес, барша өзбек, қазақ, қарақалпақ және қырғыз туғандарды да топтастырып, соларға билік еткен және солардың бірлігі үшін дұшпанының жаналғышына айналған ол өле-өлгенінше тағынан таймаған нар тұлға.
Осы тарихи тұлғаға арнап Қызылорда қаласының орталығынан 2012 жылдың 25 қарашасында ескерткіш орнатылды. Осы ескерткіш жанына барған жасұландықтар айналасын тазартып, ағаш отырғызды, гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Елеуова Құндыздың ұйымдастыруымен лицей жасұландықтары игі шаралар атқаруда. Жас ұландарды Отанын, жерін, орманын, көлін - табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу – парыз. Құстар күнін атап өту мақсатында лицей жасұландары және көршілес №264 мектеп-лицей жасұландары бірігіп, «Қош келдің, қанатты достар!" атты шара өткізді.Олар көше аралап құстарға үйшік орнатып, құстардың жылы ұяларын тазалап, қайырымдылық жасады. Жасұландардың табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы, құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс-тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, қарсы алу, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеуді мақсат тұтқан шара өз деңгейінде ұйымдастырылды.
№10 Қызылорда қыздар лицейі
№ 10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей- интернатының «Жас ұлан» ұйымының жасұландары «Таза аула» акциясы атты шара өткізді.
Шараның мақсаты – туған жердің табиғатын қорғау, қоршаған ортаны сақтау керектігі туралы ой туғызу, ауланы тазарту, гүлдендіру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Адамзаттың болашағы үшін табағатты қорғаудың маңызы зор. Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік - туған жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану болып отыр.
Осыған орай, біздің білім ордамыздың «Жас ұлан» ұйымының мүшелері игі іс жасап, лицей ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге өз белсенділіктерін танытып, лицей ауласына жеміс ағаштары мен гүлдер отырғызды. Сонымен қатар тазалық шараларын да жүргізді.
№10 Қызылорда қыздар лицейі