Навигация

Новости

Фотогалерея

  • Руханият пен келісім мәдениеті

    Руханият пен келісім мәдениеті

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жұмабек Жанбота «Руханият пен келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» атты облыстық шығармалар байқауына қатысты. Оқушы өз шығармасында қазақ тарихын кейіптеу арқылы көркем баяндай отырып, тәуелсіздік жолындағы қиындықтар мен қақтығыстарды шебер жеткізе білген. Руханият байлығы мен бірліктің арқасында ғана ел тәуелсіздігінің тұғырлы болатындығын нанымды жеткізе білген оқушы шығармасы лицейде жоғары бағаланып, облыстық кезеңге жол тартқан болатын.

             Ойының ұшқырлығы, тілінің көркемдігі, тақырып мазмұнының кеңдігі ескеріліп, облыстық байқаудан да жүлделі ІІ орынды жеңіп алған оқушымыздың шығармашылығына табыс тілейміз. Жеңістен жеңіске жете бер, Жанбота!

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • ТҮРКІ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ

    ТҮРКІ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ

    2015 жылдың 8 желтоқсанында Қызылорда қаласында «Мұстафа Шоқай - Түркі халықтарының ұлы перзенті» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Базарбай Ақерке қатысып, ІІ орынды иеленді.

    Ақеркенің ғылыми жұмысында Мұстафа Шоқай  түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер ретінде жан-жақты қарастырылды. Әділ –қазылар жұмыстың ғылыми тұрғыда жақсы жазылғандығын, зерттеу мен зерделеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілгендігін ерекше атап өтті.

     

    Қызылорда қаласы

    №10 қазақ-түрік

    лицей-интернаты

  • ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

    ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

    Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстармен айналысуы – бүгінгі заманның басты талабы болып отыр.  Бүгінгі күні мектеп оқушылары ғылыми жұмыстармен айналысуға  белсене араласып жүр.  08.12.15 жылы  болып өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалар конкурсының  ІІ кезеңінен (облыстық) лицейдің жас ғалымдары  жеңіспен оралды. Бұл кезеңге лицей-интернаттан   6 секция бойынша (физика, техника, жер және космос, математика, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау) 15 жұмыс  қатыстырылды. Жарыс барысында  №10 КТЛ оқушылары өз деңгейінде  жоғары нәтиже көрсетіп, 15 жұмыстың  11-і жүлделі орынды иеленді, атап айтатын болсақ,  1 жұмыс - І орын, 4 жұмыс - ІІ орын, 6 жұмыс -  ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз  оқушыларымыз бен пән жетекшілерін  жетістіктерімен құттықтай отырып, оларға  шығармашылық табыстар тілейміз.

            

    №10 қазақ-түрік лицейі

  • ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

    ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

    Қызылорда қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстаным - Отаным» атты жас суретшілер байқауы өтті. Аталмыш байқауға №10 қазақ-түрік  лицей-интернатынан сурет үйірмесінің мүшелері  қатысты.

    Биылғы байқауда жас қылқалам шеберлері «Қазақстаным – Отаным» тақырыбында өзара бақтарын сынады. Қылқалам құдіретін бойына сіңірген жас суретшілер өздерінің бар өнерлерін салды.

    Сайыс нәтижесі бойынша лицей оқушылары жүлдемен оралды. Жарыс қорытыныдысымен 7-сынып оқушысы Несипбай Нұрай жүлделі ІІ орынға ие болса, Сайлау Аружан, Аманова Жұлдыз, Муханбетжан Дана, Бақтыбаева Нұрсаулелер   арнайы «Алғыс хатқа» ие болды.

    Сурет үйірмесінің жетекшісі М.Едербаеваның талантты жас суретші-шәкірттері лицей абыройын тағы бір асқақтатты.

                                                                                  Қызылорда қаласы

                                                      №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Салауатты өмір салты – өмір мәні

    Салауатты өмір салты – өмір мәні
  • Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында ЖИТС орталығының дәрігері С.Баймурзаева және лицей дәрігері А.Дюсекеновамен салауатты өмір салтын ұстануға байланысты лицей оқушыларымен кездесу кеші өтті. Кешке 9-11 сынып оқушылары қатысты.

    Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты –оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімін жетілдіру, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру.

    СПИД орталығынан келген дәрігер С.Баймурзаева оқушыларға ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы жайлы, ЖИТС-тан сақтанудың және алдын алудың шаралары туралы бейнероликтер арқылы мәліметтер берді. Сондай-ақ дәрігер С.Баймурзаева елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек екендігін, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындырды.

    Оқушылар келген мамандарға сұрақтар қойып, қажетті ақпараттармен, брошюралармен қаматамасыз етілді.  

                                                                                     Қызылорда қаласы

                                                       №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Елбасының өмір жолы–ұрпаққа өнеге

    Елбасының өмір жолы–ұрпаққа өнеге
  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Тұңғыш Президент  күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған саяси-ақпараттық залының ресми ашылу рәсімі өтті.

             Рәсім ҚР Әнұранын айтумен басталып, лицей директоры Б.Ш.Омаровтың құттықтау сөзімен жалғасты. Лицей басшысы саяси-ақпараттық залды жабдықтаудың мақсаты мен оқушыларға берер тәрбиелік-танымдық мәні туралы айтты.

    Тұңғыш Президентке арналған саяси-ақпараттық залының ашылуын айқындайтын лента қию рәсімі «Елімнің Тұңғыш Елбасы» әнімен әрленді. Зал тақталарымен 10-сынып оқушысы Орынбекова Аружан таныстырды.

    Рәсім соңы «Елбасы – елдің тұтқасы» бейнебаянымен қорытындыланды.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

    «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында           1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш болып өтті.

    Кеш сахнасы «Сәлем саған, Туған жер!» бейнебаянымен ашылып, қазақ елінің тарихи жолына пролог арқылы лирикалық шегініс жасалды.

    Иә, тарих үшін көзді ашып-жұмғандай уақытта,   байтақ дала­да бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Нұрсұлтан Әбішұлы  На­зар­баев бастады. Арғы-бергі заманда осындай ұлан-ғайыр мемлекет орнатып, халқы­ның көңіліндегісін тауып, көкейін­дегісін істеген Назарбаевтай кісіні Ұлы даланың тарихы білген емес. Сондықтан, Тұңғыш Президентіміз деп мақтанышпен айтамыз, ол Президент болған күнді мереке етіп тойлаймыз.

    Осы мерекені лицей директоры Бақытжан Шайманұлы Омаров құттықтау сөз сөйлеп ашып, мереке қарсаңында ұйымдастырылған спорттық сайыстарда жеңіске жеткен ата-аналарды марапаттады.

    Лицей ұжымын ата-аналар атынан Сәкен Дүйсенбаев мерекемен құттықтап, өзінің ризашылық сезімін жеткізді.

    Лицейімізде ұйымдастырылған «Елбасына хат» атты шығармалар байқауының жеңімпаздарын гуманитарлық бағыт бірлестігінің жетекшісі Дәрібаева Гүлнұр жариялап, І орынды жеңіп алған 11-сынып оқушысы Рахман Жанерке өзінің Елбасына хатын оқып берді.

    Оқушылар Елбасына патриоттық сезімге толы әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін,  мың бұралған билерін арнады. «Елбасы жолы: Тығырықтан жол тапқан» фильмінен үзінді  көрсетіліп, оны оқушылар өздері сахналады.

    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем елдеріне сөзін өткізіп  отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы «тар жол, тайғақ кешуді» халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер. Олай болса, Елбасымыз елін сүйеді, елі Елбасын сүйеді деп сеніммен айтамыз, жырымызға қосамыз, мерекелік кештерімізді Елбасымызға арнай отырып, ұрпақ бойында Президентімізді тану, мақтан ету, ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерді дарытуды мұрат тұтамыз.

    Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, төңірегіміз түгел болғай! Баршаңызға Тұңғыш Президент күні мерекесі құтты болсын!

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Тағылымға толы тәрбие сағаты

    Тағылымға толы тәрбие сағаты
  • Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

    Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналарды бала тәрбиесіне белсене араластыру Қызылорда қыздар лицейінде жақсы жолға қойылған. Осының дәлелі ретінде 24 қараша күні 7 «А» сыныбының ата-анасы Темірбаев Жанат «Электр энергиясын үнемдеу» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп, оқушылармен ой бөлісті. Ғылыми негізге құрылған тәрбие сағаты қызықты ұйымдастырылып, балалардың салиқалы азамат болып қалыптасуына ықпал ететін салауатты насихаттар айтылды. Тәрбие сағаты барысында өңірлік электр энергиясының жағдайы мен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы да қызықты ақпараттар берілді. Оқушылар ұсынған сауалға ата-ана жүйелі түрде жауап беріп, келешекте осындай сауалдары болса көмек қолын ұсынатындығын айтып өтті.  Кездесу соңында ата-ана балаларына тәтті конфеттер таратып, естелік суретке түсті.

          

                                      Қызылорда қаласы

     №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Қыздар арасында волейбол жарысы

    Қыздар арасында волейбол жарысы

    Үстіміздегі айдың 20-21 жұлдызы аралығында қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей оқушылары  арасында волейболдан сайыс өтті. Бұл сайыс «КАТЕВ» Халықаралық қоғамдық қорының жылдық жоспары негізінде ұйымдастырылды.

    Алматы қаласында өткен сайысқа барлығы 9 команда қатысты. Қатысушылар – 9-11 сынып оқушылары.

    Аталмыш сайысқа Қызылорда қаласындағы №10 қазақ-түрік лицей-интернатының құрама командасы қатысып қайтты. Команда жетекшісі – денешынықтыру пәнінің мұғалімі Утебаева Айжан. Сайысқа қатысқан командалардың барлығы белсенді, ойын қызықты және тартысқа толы болды.

    Қызылорда құрама командасының 10-сынып оқушысы Дәулетбай Ақмарал «Үздік үйлестіруші» ойыншы атанса, жалпы командалық есепте Қызылорда қыздар құрамасы «Тәртіпті команда» деген номинациямен марапатталды.

    Тартысқа толы болып өткен сайыстан қыздар өте жақсы әсермен оралды.

                                                                                       Қызылорда қаласы,

                                                         №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • Ата-аналар арасындағы турнир

    Ата-аналар арасындағы турнир

    Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Қызылорда қыздар лицейінде түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осының дәлелі ретінде 21 қараша күні лицей оқушылары ата-аналары арасында волейбол, шахмат және теннистен сайыс ұйымдастырылды. Лицей ата-аналары белсенділік танытып, іс-шараға жұмыла қатысты.

             Сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:

    1. Шахмат сайысы бойынша:

    І орын. Абилкасимов Дінмухаммед – 7А сыныбы ата-анасы.

    ІІ орын. Жылқышиева Жанат – 9А сыныбы ата-анасы.

    ІІІ орын. Алимкулов Ринат – 8А сыныбы

    ІІІ орын. Әдіхалықов Айдос- 7Б сыныбы ата-анасы

    1. Теннис сайысы бойынша :

    І орын. Кәрібай Сәкен -7б сыныбы ата-анасы

    ІІ орын. Әлтаев Ғалымжан – 7А сыныбы ата-анасы

    ІІ орын. Атабаев Бақыт – 9А сыныбы ата-анасы

    ІІІ орын. Елеуов Ахмет – 8А сыныбы

    Волейбол және теннис сайысы бойынша «Алғыс хатқа» ие болған ата-аналар: Елкеев Нұрлан, Дүйсебеков Сәкен, Қалжанов Руслан, Болатбекұлы Ринат, Бисекенов Ербол, Ахметов Бисенбай, Әбілкасимов Дінмұхаммед, Әлтаев Ғалымжан, Темірбаева Жанат, Ибраева Ақмарал, Бақтияр Әмір, Шаудырбаев Самат, Омаров Дәулет, Айқожаева Алтынкүл.

     

     

    Қызылорда қаласы

                                                 №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

    БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында  дүниежүзілік балалар  күніне арналған «Балалар құқығын қорғау – өз қолымызда» атты кездесу кеші болып өтті.

    Мерекелік кешті лицей директоры Бақытжан Шайманұлы Омаров ашып, қонақтармен таныстырды. Кездесу кешіне   БҰҰ жанындағы балалар қорының (ЮНИСЕФ)  Қызылордағы өкілі Анар Жарылқасынқызы Изден, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қорының директоры Жандос Бектайұлы Тұсмағамбетов, облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы Айзада Мусаева, ҚІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің ювеналды бөлімшесінің инспекторы, аға лейтенант Айгүл Нұрымбетова  қатысып, өз салалары бойынша балалар құқығын қорғау туралы сөз сөйлеп, пікірлерлерін білдірді, оқушыларды мерекелерімен құттықтады.

    Құқық сауаттылығы  да – заман талабы. Лицей оқушыларының өздерінің қандай құқтары бар екенін  қаншалықты білетіндіктерін 10-сынып оқушылары Орынбекова Аружан мен Ермекбаева  Әйгерім таныстырылым мен бейнесюжет арқылы жеткізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Қосаева Райхан мен Байназар Гүлайым оқушылармен қосылып, «Мектепте үйретеді» әнін бірге шырқады.

    Жас ұландықтар «Бақытты балалар» әнін шырқап, көңілді әуенмен, кеш соңы мерекелік көңіл-күйде қорытындыланды.

    Кеш барысы облыстық телеарнаға түсірілді.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Педконсилиум – білім сапасын жетілдірудің үздік үлгісі

    Педконсилиум – білім сапасын жетілдірудің үздік үлгісі

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында әр тоқсан қорытындысымен педконсилиум ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бұл жолы да  үстіміздегі оқу жылының І тоқсан қорытындысымен 7-11-сынып оқушыларының ата-аналары мен пән мұғалімдері көзбе-көз жүздесті.

    Ата-аналар мен мұғалімдер әр баланың білім сапасы, тәртібі мен тәрбиесі, өмірлік ұстанымы мен жеке ерекшеліктері туралы кеңінен ой бөлісуге мүмкіндік алды. Ата-аналар балаларының күнделікті жұмыс дәптерлері мен жазба жұмыстары, емтихан мен БТС нәтижелерімен жақыннан танысты. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

    Әсіресе, лицейдегі алғашқы жылдарының бірінші педконсилиумына келген 7-сыныптықтардың ата-аналары балаларының ұстаздарымен жақынырақ танысып, өз балаларының білімі туралы сабақ беретін мұғалімдерінен естіп-білгендеріне ризашылықтарын білдірді.

    Білім сапасын жетілдірудің үздік үлгісі ретіндегі педконсилиумдардың бала тәрбиесі мен болашағына берері мол.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Аналар арасында волейболдан сайыс өтті

    Аналар арасында волейболдан сайыс өтті

    Қазақ-түрік лицейлерінде ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау жақсы жолға қойылған. Соның бір айғағы – лицейлердегі ата-аналар арасында өткізілетін спорттық сайыстар.Осы мақсатта 14.11.2015ж. күні  №10 қазақ-түрік лицей-интернатында лицей аналарының арасында волейболдан сайыс өтті. Сайыс «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атаулы мерекесіне орай өткізілді. Лицейдің 7-8 сынып аналарынан құралған екі команда волейбол ойынынан  өзара бақ сынасты.Нәтижесінде 7А және 7Б  сыныптары аналарынан құралған команда жеңіске жетті. Сайысқа қатысқан екі топ та өз белсенділіктерін көрсете білді. Ойын тартымды әрі қызықты өтті.

     

                                                                                        Қызылорда қаласы

                                                          №10 қазақ-түрік лицей-интернаты

  • ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Қазақстан халқы ассамблеясы жылы аясында жоспарланған «Мың бала» республикалық байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Байқауды Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыруды мақсат еткен байқау  қазақ тілді жете меңгерген өзге ұлт өкілдерінің балаларының жан-жақты өнерлерін анықтау және оларға қолдау көрсетуді мұрат тұтты.

    Байқау 5 түрлі бөлімнен тұрып, оған облыстан 40-тан астам оқушы қатысты. «Тіл мектебі» кезеңінде әр топтан бір оқушы қазақ тілін үйретудің авторлық жобасын дайындап, қорғау тапсырылды. Бұл  сайысқа лицейімізден 10-сынып оқушысы Мұхамеддинова Эльнара қатысып, өз жобасын қорғады.

    «Кемеңгер» шығармашылық академиясы бөлімінде шығармашылық жобалар конкурсқа түсті. Бұл байқау кезеңіне лицейдің 9-сынып оқушысы Когай Анастасия жобасын ұсынды.  

    «Көңілді балалар» бөлімінде балалар тоғызқұмалақ ойынынан сынға түссе, «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» сайысында Қазақстан халқының бірлігіне арналған эссе немесе өлең жазу бойынша 11-сынып оқушысы Тян Виолетта қатысып, өз шығармашылығын ортаға салды.

    «Жас шешен» байқауында 9-сынып оқушысы Абдулхасанова Екатерина Қазыбек бидің шешендік сөзімен көрермендерді тәнті етті.

    Өзге ұлт өкілдерінен құралған топтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі, тіл шеберлігі мен сөз оралымдары, сахналық мәдениеті сарапқа салынған байқау қорытындысында лицейіміздің 10-сынып оқушысы Мұхамеддинова Эльнара І орынды иемденіп, республикалық байқауға жолдама алды.

    Тілдің татулық пен бірліктің, ынтымақ пен достықтың дәнекері екендігін дәлелдеген байқау соңы әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған бимен өрнектелді.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Әкелер арасында воллейбол турнирі - 21.11.2015

    Әкелер арасында воллейбол турнирі - 21.11.2015

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея