Навигация

Новости

Фотогалерея

  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдық мерекесімен  тұспа-тұс келіп отырған, Мәңгілік Ел идеясының негізінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру процесіне  енгізуді мұрат тұтқан Жаңа оқу жылының Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты  мерекелік жиыны болып өтті.

    Жиын «Қазақ елі» композициясынан соң ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, кеш қонағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурызбай  Сейітқалиұлының құттықтау сөзімен жалғасты. Лицей директоры Омаров Бақытжан Шайманұлы ұстаздар мен ата-аналарды,  оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, лицейдің өткен оқу жылындағы табыстарын атап, жетістікке жеткен мұғалімдерді марапаттады.

    Жиында ата-аналар атынан сөз алған Әбдіқадыров Сейдәлі лицей ұжымының жұмысына ризашылығын білдіріп, толағай табыстар мен жетістіктер тіледі. Лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Микеева Ләззат Есенқызы ата-аналар мен оқушыларға пән мұғалімдерін, сынып жетекшілер мен тәрбиешілерді таныстырып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

    Жиын барысында Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелеріне орай ән-би орындалды. Мерекелік кештің ажарын жаз айларында Румынияда өткен ХІІІ Халықаралық Тілдер мен Мәдениет фестивалінің алтын  алқа иегері, Облыстық  «Bala Turkvizyon - 2015» конкурсының жеңімпазы, лицейдің 8-сынып оқушысы Мейрамбек Құралайдың шарықтата шырқаған әндері аша түсті.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • 1 Қыркүйек - Білім күні

    1 Қыркүйек - Білім күні
  • 30 тамыз - Конституция күні

    30 тамыз - Конституция күні
  • ҰБТ-ға жүйелі дайындық – білім сапасын арттыру негізі

    ҰБТ-ға жүйелі дайындық – білім сапасын арттыру негізі

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі  Есбосын Нағиша Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «ҰБТ-ға жүйелі дайындық – білім сапасын арттыру негізі» атты облыстық семинарға қатысып, өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісті.

    Тәжірибелі ұстаз «Ғаламтор арқылы ҰБТ тапсырмаларын қайталау» тақырыбында жаңашыл технологияны семинарға қатысушыларға көрсетіп қана қоймай, практика жүзінде өздеріне жұмыс жасатып, «Kahoot» сервисі арқылы тапсырма құрастыру және оқушыларға орындату жолдарын үйретті. iPAD арқылы ғаламторға еніп, тест тапсырмаларын орындаудың оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, білімдерін сарапқа салатындығын семинарға қатысушылар ерекше бағалады және тәжірибелеріне енгізетіндігін айтып, ұстазға алғыстарын білдірді.

    Семинар соңында Есбосын Нағиша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату бағытында ұйымдастырылған «Оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану – оқыту сапасын арттыру құралы» апталығы аясында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер арасында өткізілген байқаудың «Үздік эссе – 2015» және «Үздік ашық сабақ – 2015» номинациясымен марапатталып, қос Диплом мен Сертификатты иеленді. 

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • ТАРИХ – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ

    ТАРИХ – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ
  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында үстіміздегі жылғы мерейтойларды топтастырған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты сахналық қойылым қойылды. Бірнеше бөлімнен тұратын қойылымды лицейдің 9-сынып оқушылары ұйымдастырды.

    Қазақ хандығының құрылуынан басталып, хан сайлауы, 1465-1941 жыл аралықтарындағы тарихты бейнефильм арқылы шолу, Ұлы Отан соғысы жылдарынан үзінділер, тыл жұмысы, Рейхстагқа ту тігу, депортация туралы сахналай келе, Ассамблея жылы аясында бір шаңырақтың астында бас қосқан барлық ұлт өкілдерінің достығы, бірлігі, тұтастығы туралы көрсетілім жасалды. Қойылым барысында ән айтылып, өлең оқылды, би биленді.

    Қойылым соңында лицей директоры Б.Ш.Омаров үш күндік  шараларға белсене араласқан сыныптар мен оқушыларды марапаттады.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Оқушылар Парламенті - өзін-өзі басқарудың озық үлгісі

    Оқушылар Парламенті  - өзін-өзі басқарудың озық үлгісі

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Лицей Парламентінің Президентін сайлау науқаны әдеттегіден қызу өтті. Оның себебі бұл жолы Президенттікке кандидаттыққа 4 оқушы қатар түсті. Олар сайлауалды бағдарламаларын алдын-ала ұсынып, ынталы топ үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізді. Президенттікке үміткерлер:  10-сынып оқушылары  Жаңабай Мәнсия мен Мәжит Наздана,  9-сынып оқушылары Ермекбай Әйгерім мен Сағидолла Әйгерім – оқудағы озық жетістіктерімен, лицейдің қоғамдық өміріне белсене араласуымен көпке үлгі болып жүрген озат оқушылар.

             Лицей оқушылары Парламентінің Конституциясына сай Президент сайлауына лицей ұжымы, яғни мұғалімдер, тәрбиешілер, оқушылар, жұмысшылар түгел қатысты. Президент сайлауы белгіленген кабинадағы жәшікке құпиялықпен жасырын дауыс беру тәртібімен өтті.

             Парламент Президентін сайлау нәтижесін шығару үшін дауыс санау сайлау комиссиясының және үміткерлердің қатысуымен ашық, жариялылықпен өтті. Қорытындысында 52,5 пайыз басымдықпен дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Жаңабай Мәнсия Парламент Президенті болып сайланды.

             Оқушылар линейкасында Президент ресми түрде хабарланып, құттықтау жасалды және Президент лентасы, ал Парламент министрлеріне төсбелгі табысталды.

    Лицей оқушылары Парламентінің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тілеп, лицейді өркендету жолындағы мақсат-міндеттерінің, ұсынған бағдарламаларының жүзеге асуына тілектестік білдіреміз.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Озық тәжірибе - ортақ мақсат

    Озық тәжірибе - ортақ мақсат

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық  қазақ-түрік лицейінде «Өрлеу» БАҰО Қызылорда облыстық филиалының сұранысы бойынша 2015 жылдың 25 сәуірінде география пәнінің мұғалімдері үшін семинар өткізілді.

    Семинарға қатысушылар «ҰБТ-ға дайындау үдерісінде география пәні бойынша қиын тақырыптарды оқыту мазмұны мен әдістемесі» тақырыбында тәжірибе алмасты. Лицейдің география пәні мұғалімі Өтегенова Гүлназ «Дүниежүзі халықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, ҰБТ-да қиындық туғызатын тапсырмалармен Блум таксаномиясы негізінде жұмыс жасатты.

    Қазіргі оқу үдерісіндегі жаңашылдықты меңгерген ұстаз одан әрі мұғалімдермен шеберлік сағатын ұйымдастырды. Бұл кезеңде өзінің әріптестеріне «Оңтүстік Американың ішкі сулары» тақырыбын оқушыларға меңгертуде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерге тоқталды.

    Бас қосуға жиналған, ортақ мақсатты көздеген облыстың география пәнінің мұғалімдері тәжірибе алмасып, ризашылықпен тарқасты.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • «Қорқыт жастары» жайдарман тобы

    «Қорқыт жастары» жайдарман тобы

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушыларына  облыс намысын республика көлемінде қорғап жүрген «Қорқыт жастары» жайдарман тобы өз өнерлерін көрсетті. 2013 жылғы Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін өткен жайдарман сайысында «Бас жүлде» иегері,  Республикалық Алматы ашық лигасының ақтық мәресіндегі жүлделі ІІІ орын иегері, сол жылғы Республикалық арнайы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің кубогы үшін өткен жайдарман сайысындағы жүлделі І орын иегері, 2014 жылғы Жаңақорған ауданында өткізілген арнайы жоба «Жазғы кубок» жайдарман сайысындағы бас жүлде иегері, 2014 жылғы арнайы Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін өткен жайдарман сайысында Бас жүлде-қала әкімі кубогының иегерлері, 2014 жылғы Астана қаласында өткізілетін Премьер-Лига ойындарының жартылай финалистері болған бұл топ 2013 жылдың 1 қаңтарында құрылған болатын.

    Команда құрамы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен іріктелініп алынған ойыншыларынан жасақталған «Қорқыт жастары» жайдарман командасы лицей оқушылары үшін көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды ахуал тудырып қана қойған жоқ, әсем ән мен мың бұралған бимен сахнаны әрлеп, жастардың қоғамдағы орны мен өзіндік ұстанымдарын әзілмен астарлы, көркем жеткізе отырып, тәрбиелік тағылым да бере білді.

    Команда құрамының жетекшісі Сағындықов Құттыбайға лицей әкімшілігі алғыстарын білдірді.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Үйірменің үйретері көп

    Үйірменің үйретері көп

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында сыныптан тыс үйірмелер жұмысы жақсы жолға қойылған. Оқушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтарына байланысты ұйымдастырылған үйірмелер сабақтан тыс уақытта белгіленген кесте бойынша өткізіледі.

    Әр тоқсан соңында, оқу жылы аяғында үйірмелердің атқарған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.  Сол дәстүрлі көрме 2015 жылдың 18 сәуір  күні  сенбіде  ата-аналар мен қонақтардың қатысуымен өтті.

    «Қыл қалам» сурет үйірмесінің жетекшісі Теңізбай Мөлдір оқушылармен бірге өздерінің қаламынан туған көркем дүниелерін ұсынса, «Сырлы саз» үйірмесі Қожағұлова Гүлнардың басшылығымен үйренген күйлерін ойнаса, Әлібекова Ақмарал жетекшілік ететін би үйірмесі бірнеше биді мың бұрала билеп, «Шебер қолдар» үйірмесінде өз қолөнерлерін көрермен назарына ұсынды. Сондай-ақ, физика, химия, биология пәндері бойынша оқушылар эксперименттер көрсетіп, өздерінің теориялық білімдерін практикада қолдану жолдарын жеткізді.

    Көрмеге жиналған ата-аналар мен қонақтар оқушылардың жан-жақты өнеріне тәнті болып, балалар үшін ұйымдастырылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ризашылықпен тарасты.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ

    АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ

    №10 дарынды балаларға арналған Қызылорда облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Шаңырақ»  ата-аналар комитеті жұмыс істеп келеді. Ата-аналардың  лицейдің қоғамдық өміріне белсене араласуы - осы «Шаңырақтың» ұйымдастырушылығының арқасы.  Әр сенбі сайын ата-аналар бір шара өткізіп, лицейдің қоғамдық өміріне белсене араласып  отырады.

    2015 жылдың 19 сәуірінде лицей ауласында ағаш егу жұмысымен айналысқан  ата-аналар тобына ұстаздар мен оқушылар  да қосылды. Лицей ғимаратының маңын жасыл желекке айналдыруды мақсат тұтқан ұжымның бұл бағыттағы жұмыстары жалғаса бермек.

    «Бір тал кессең, он тал ек» деген бабалар өсиеті табиғатты қорғау, келешекке таза ауа мен әсемдік пен әдемілік қалдыру болса керек. «Азаматы қандай десең, ауылынан танып біл!» демекші, кім-кімнің де қандай екені жүрген жерінен, қоршаған ортасынан танылары хақ. Сондықтан осындай игілікті істер ұрпаққа - өнеге, артқыға – мұра.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Балалар бастауы - 2015

    Балалар бастауы - 2015

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей оқушылары тағы бір байқаудың жүлдегерлері атанып, білім ордаларына қуанышты оралды. Олар Қызылорда қаласында өткен балалардың  белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеп, балалар бастамаларын іске асыру алаңын құру мақсатында ұйымдастырылған облыстық “Балалар бастауы - 2015” әлеуметтік жобалар байқауына қатысты.  Нәтижесінде 9-сынып оқушылары Әбшекен Нұршат пен Оңталапқызы Гүлнұр «Қымыздың қан аздыққа пайдасы»  тақырыбымен  I орын және 10-сынып оқушылары Қапбар Жанерке мен Сері Ботакөз “Қазақтың Ұлттық аспаптарының 3D моделі”  тақырыбымен II орынды иеленді.

    Оқушыларымызды жаңа жеңістерімен құттықтап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • МУЗЕЙ ЛИЦЕЙІМІЗДЕ...

    МУЗЕЙ ЛИЦЕЙІМІЗДЕ...

    Бүгін №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ақмешіт» филиалының  көшпелі экспонаттары оқушылар назарына ұсынылды. Мұражай меңгерушісі Бермаханова Нұрия Сақыбайқызы бастаған  топ лицейге күміс, жез, мыс, тері, ағаш, темір,  мата, киізден жасалған құрал-жабдықтар мен бұйымдарды әкеліп, орналастырды. Оқушыларға мұражайдың  ғылыми қызметкері Оспанқұлов Нұрлан мен  таныстырушы Жаркеева Жадыра ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар,  ыдыс-аяқтар, музыкалық аспаптар, ер-тұрман жабдықтары, бес қару түрлері, киіз үй жабдықтары, қыз бала жасаулары, әскери киімдер, соғыс құралдары, ескі тұрмыстық заттар т.с.с. эспонаттарды жіті таныстырып, әр заттың атаулары, қолданылу ерекшеліктері, сақталу заңдылықтары туралы айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

    Ата-бабамыз ұстанып-тұтқан ескінің көзіндей заттармен танысып, ұстап көріп қызықтаған оқушыларымыз үшін көшпелі мұражайдың тағылымы мол болды.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • БТС-3 НӘТИЖЕСІ

    БТС-3 НӘТИЖЕСІ

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея