Навигация

Новости

Фотогалерея

  • ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

    ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында ұлағатты ұстаз, шығармашыл  мұғалім,  тәжірибелі оқытушы Каримбаева Гүлнар Исмайылқызының мерейтойы аталып өтілді. Лицей ұжымы әріптестеріне ыстық ықыластары мен құрметін арнау өлеңдері мен әндері, ақ тілектері, таныстырылымдары мен бейнешежірелері арқылы білдірді. Лицей директоры Омаров Бақытжан Шайманұлы  мерейтой иесіне «Құттықтау Дипломы» мен «Мерейтой» медалін табыс етті. 

    Жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұзақ жылғы педагогикалық тәжірибесін үйретуден жалықпай жүрген ұстаз еңбегінің арқасында көпке сыйлы, шәкіртке қадірлі, әріптестеріне құрметті. Ұстаз мерейтойын ұжымның атап өтуі, оған жасалған сый-сияпат пен құрмет - жастарға үлгі-өнеге.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • КІТАП - РУХАНИ ҚАЗЫНА

    КІТАП - РУХАНИ ҚАЗЫНА
  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік  лицей-интернатында облыстық деңгейде кітапханашыларға арналған «Кітап – рухани  қазына» атты семинар-тренинг болып өтті. Оған «Өрлеу» БАҰО Қызылорда облыстық филиалының  методисі Бақыт Әйгерім бастаған облыстың түкпір-түкпірінен келген 25 кітапханашы   қатысты.  Лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Микеева Ләззат қонақтарды  лицей ғимаратыме таныстырып, оқу ордасының тыныс-тіршілігінен хабардар етті.  Лицей кітапханашысы Сағидатова Баян семинарға қатысушыларды  кітапхана жұмысымен таныстырып, өз тәжірибесін ортаға салды.

    Семинар-тренингті қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Есбосын Нағиша жүргізіп, алдымен, «Кітапханашы қандай болу керек?» психологиялық тренингін ұйымдастырды. Мұнан соң «Кітап – рухани қазына» атты семинар барысында кітаптың шығу тарихы, әлемге әйгілі кітапханалар, атақты кітапханашылар туралы айтылып,  кітап оқуға құмарлық пен ынталандыру жолдары туралы іс-тәжірибелер ортаға салынды. Кітап туралы нақыл сөз авторларын табудан топтық сайыс, кітапхана туралы бейнесюжеттер мен мультфильмдерден үзінді тамашалау секілді жұмыс түрлері семинарға қатысушылардың көңілінен шықты.

    Семинар жұмысы қорытындыланып, қатысушылар лицей ұжымы мен ұйымдастырушыларға ризакшылықтарын білдіріп тарасты.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • "InfoMatrix- Asia&Pacific" жобасы

    "InfoMatrix- Asia&Pacific" жобасы
  • №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының бір топ оқушысы Алматы қаласының Сүлеймен Демирел университетінде өткізілген InfoMatrix- Asia&Pacific  компьютерлік жобасынан жүлделі оралды. Әлемнің 30 мемлекетінен оқушы қатысқан халықаралық жобаға лицейімізден  бес бағыт бойынша да жұмыстар ұсынылды. Атап айтсақ: Робототехника, Бағдарламалау, Дизайн, Қысқаметражды фильм, Апараттық басқару.  

    Ұсынылған жұмыстың үшеуі бойынша 6 оқушымыз жүлделі оралды. Олар: 11-сынып оқушылары - Романқұл  Әсел мен Қуан Жансұлу   қысқаметражды фильм бағыты ұрлық тақырыбымен  2-орын; 10-сынып оқушылары - Сері Ботакөз бен Қапбар Жанерке  дизайн бағыты бойынша «Қазақтың ұлттық аспаптарының үш өлшемді моделі» тақырыбымен  3-орын және Нұртаза Алтынай мен  Өмірзақ Ақниет  дизайн бағыты бойынша  «Күннен энергия алудың үш өлшемді моделі» тақырыбымен  3-орын.  

    Халықаралық деңгейдегі байқауды бағындырып келген оқушыларымызды жүлделерімен құттықтап, жағымды жаңалықты тілектестерімізге  қуана жеткізгіміз келеді.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Жарысқа шық, Жасұлан!

    Жарысқа шық, Жасұлан!

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Жасұлан» ұйымының  ұйымдастыруымен «Жарысқа шық, Жасұлан!» атты 7-8 сыныптар аралығында эстафеталық сайыс өткізілді. Сайыс салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, спортқа баулу мақсатында жүргізілді.

    Сайысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Утебаева Айжан жүргізіп, ойын шарттары мен қазылар алқасын таныстырып өтті. Эстафеталық сайыс 8 кезеңнен тұратын  бағдарлама бойынша жалғасын тапты. Сайыстың 1-кезеңі «Кім жылдам» ойынынан бастап 8-кезеңі арқан тарту сайысына дейін тартысты өтіп, көпшілік көңілінен шыға білді. Сайыс барысында оқушылар барлық жағдайға дайындықтарын көрсете білді.

    Сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Жігерлі  » номинациясын 7 «Б» сыныбы, «Қайсар» номинациясын 7 «А» сыныбы, «Белсенді» номинациясын 8 «А» сыныбы иеленсе, І орын 8 «Б»  сыныбына табысталды.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

    «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік  лицей-интернатында  «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің консультанты Пірімова Толқын Нұрланқызы қатысып, тақырыпқа сәйкес оқушылармен сұхбат құрды. Дөңгелек үстел барысында тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Гүлбаршын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыптасуы мен дамуы», 11-сынып оқушысы Батыр Гүлзира мен 10-сынып оқушысы Жаңабай Мәнсия «Сыбайлас жемқорлық жастар көзімен» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

    Тақырыпқа сай бейнесюжеттермен өрілген дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, келген қонақпен ашық сұхбат құрды. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Өздерінің азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын білдіретін Үндеу қабылданды. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құруға атсалысатындықтарына, болашақтарының жарқын болатындығына кәміл сенген жастар жиын соңында «Ертеңіме сенемін!» әнін шырқап, үлкен әсермен, жастық жалынмен тарасты.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • «Жарқын болашақ» жеңімпаздары

    «Жарқын болашақ» жеңімпаздары

    Биыл жетінші рет өткізіліп отырған республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының ақтық додасына облыстық олимпиадада топ жарған №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының    2 оқушысы қатысты. Олар  олимпиаданың   «Тілші әдебиетшілер» мен «Әнші-бұлбұлдар» конкурстары бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салды.  

    «Әнші-бұлбұлдар» конкурсында қазақ халық әндері мен сазгерлерінің шығармаларын кең көлемде насихаттау және талантты жастарды анықтау және оларды көпшілікке дәріптеу мақсат етілсе, осы мақсат үдесінен шыққан 7-сынып оқушысы Мейрамбек Құралай жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

    Ал «Тілші-әдебиетшілер» бағыты конкурсында қазақ тілі теориясын терең меңгерген білімді оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша тест сұрақтарына және сұрақ-жауап, тірек сөздар негізінде орындалатын тапсырмаларды орындады. Бұл білім бәсекесінен 11-сынып оқушысы Батыр Гүлзира білімімен ерекшеленіп, қола медалін иеленді және  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің Грантын жеңіп алды.

    Лицейіміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаз оқушыларымыздың жетістіктері шыңға шыққан шынардай биік те тұғырлы болуына тілектестігімізді білдіреміз.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі 

  • ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ

    ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ
  • №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты тағы бір топ жеңімпаз оқушыларын қуана қарсы алды. Бұл жолы 2015 жылдың 1-5 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен XI халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары өз оқу ордаларына олжалы оралды. Аталмыш ғылыми жобалар жарысы оқушыларымыздың жан-жақты қабілеттерін арттыруға, еліміздің ғылыми жағынан дамуына көп үлес қосады.

    Бұл халықаралық жобаға Қазақстан Республикасынан 600-ге жуық оқушылар қатысты. Олар өзара 5 секция бойынша бақ сынады. Олар: «Зымыран техникасы, инфраструктура және экология», «» «Ғарыштық ақпараттық технологиялар», «Ғарыштық биология және медицина», «Астрофизика және әлемдік эволюция». Қызылорда облысының намысын қорғап барған 40 оқушының 9-ы №10 қазақ-түрік лицей-интернатының шәкірттері. Солардың 4-еуі жүлделі орындарға ие болса, 2-еуі «Дарынның» айрықша Грамотасымен марапатталды. Атап айтқанда, «Ғарыштық биология және медицина» секциясы бойынша 10-сынып оқушылары Рахман Жанерке, Зинабдин Елдана 3-орын, «Ғарыштық ақпараттық технологиялар» секциясы бойынша 10-сынып оқушылары Өмірзақ Ақниет, Нұртаза Алтынай 2-орын жүлдегерлері атанды. «Астрофизика және әлемдік эволюция» секциясы бойынша 11-сынып оқушылары Алпысбай Аружан мен Оразалы Сымбат «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының арнайы «Мақтау қағазымен» марапатталды. Осы халықаралық ғылыми жобаға қатысушы 11-сынып оқушылары мен жүлделі орындарға ие болған 10-сынып оқушылары Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) сынағынан босатылуға мүмкіндік алды.

    Оқушыларымызға алдағы жарыстарда үлкен сәттілік тілей отырып, білім бәйгелерінде биіктен көріне беруіне тілектеспіз.

    №10 Қызылорда қыздар қазақ-түрік лицей-интернаты

  • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
  • НУРИЛА АПАЙМЕН КОУЧИНГ...

    НУРИЛА АПАЙМЕН КОУЧИНГ...
  • АШЫҚ САБАҚТАН КӨРІНІСТЕР

    АШЫҚ САБАҚТАН КӨРІНІСТЕР

    Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен лицей-интернатта «Оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану – оқыту сапасын арттыру құралы» тақырыбында апталық өтуде. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультетінің бірлесіп әзірлеген бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өткен педагогтардың тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді ендіруді, ынтымақтастық орнатуды мақсат тұтқан апталық барысында лицейдің курстан өткен 9 мұғалімі эссе жазу, презентация қорғау, коучинг ұйымдастыру және жаңа технологиялармен ашық сабақтар өткізу бойынша жұмыстар жасауда.

           Екі күн қатарынан лицейімізде ашық сабақтар фестивалі ұйымдастырылып, онда Есбосын Нағиша 11-сыныпқа «Пунктуация», Байтабынова Анар 7-сыныпқа «Қазақ хандығының құрылуы», Сүгірова Нұрсұлу 8-сыныпқа «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс», Дәрібаева Гүлнұр 9-сыныпқа «Жеңісті жырыменен жақындатқан – Жамбыл», Ержанова Мөлдір 7-сыныпқа «Өлкемізде кездесетін қасиеті бар өсімдіктер», Байназар Гүләйім 7-сыныпқа Қ.Аманжолов. Өзім туралы», Молдабекова Разия 8-сыныпқа «Параллелограм», Өтегенова Гүлназ 7-сыныпқа «Оңтүстік Американың ішкі сулары» тақырыптарында сабақ өткізді. Осы сабақтардың ішінен «үздік» деп танылған 3 сабақ облыстық байқауға жіберілетін болады. Оны барлық сабақтарға қатысып, талдау жасаған лицей басшылары Б.Ш.Омаров, Л.Е.Микеева, Ғ.Ещанов және тәжірибелі мұғалім Г.И.Каримбаева сарапқа салатын болады.

  • ДӨҢГЕЛЕҢГЕН ДҮНИЕ

    ДӨҢГЕЛЕҢГЕН ДҮНИЕ

    №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей интернатында 23-28 ақпан аралығында «Дөңгеленген дүние» тақырыбында география пәні апталығы өтті. 
    Апталықты география пәнінің мұғалімі Өтегенова Гүлназ ұйымдастырды. Апталық аясында 7-сыныптар арасында «Материктер әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық ойын өткізілді.Сайыс қортындысында 7б сыныбы өздерінің білімділіктерімен алға шықты. Ал, 8-сыныптар арасы
    нда Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына орай «Жас Шоқантанушылар» тақырыбында жоба қорғау өткізіліп, оқушылар Ш.Уәлихановтың еңбектерін тереңірек зерттеп, баяндады.
    9-10 сыныптар арасында «Дарындылар додасы» танымдық сайысы өткізілді. Бұл сайыста оқушылардың әлем елдері жөнінде білімдері сыналды. Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Апталықтың барлық күнінде «Қызықты география» тақырыбында бейне көріністер, таныстырылымдар көрсетіліп, апта аяғында осы мәліметтер жөнінде тест алынды. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. 7-10 сыныптар арасында «Қазына аралы»ойыны өткізілді. Апталық барысында 7А сыныбында «Оңтүстік Американың ішкі сулары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Апталықтың соңғы күні «Біздің бірлігіміз көпұлтты халықтар достығында» тақырыбында сайыс өткізіліп, сайыс барысында әлем елдерінің Бразилия, Шотландия, Грузия, Өзбекстан, Египет, Филиппин, Балтық және Тайланд елдерінің өнері, ұлттық тағамдары таныстырылды. Апталыққа оқушылыр белсене ат салысты.

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

  • Түрік тілі олимпиадасының жеңімпаздары

    Түрік тілі олимпиадасының жеңімпаздары
  • Тәлімі мол тәрбиеші

    Тәлімі мол тәрбиеші

    Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде тәрбиешілер күні жоғары деңгейде атап өтілді.

    Лицей педагогика факультеттерінде білім алатын,  бірнеше шет тілін меңгерген, жоғары оқу орындарының дарынды студенттерін «замандас оқытушы» қызметіне қабылдайды. Олар сабақтан тыс уақытта оқушылармен бірге болып, білім алуы мен тәрбиесіне жауап береді. Оқушылар өздерімен жас шамалас замандас оқытушыны «тәрбиешілеріміз» деп құрметтейді, айтқандарына құлақ асады. Өздерімен замандас, әрі осы жүйеде білім алған  жандармен тіл табысу, сырын ашып айту, сенімді қарым-қатынас жасау оқушылар үшін жағымды, ал педагогтар үшін ұтымды.

    Үстіміздегі оқу жылында лицейде 16 тәрбиеші «замандас оқытушы» қызметін атқаруда. Қазақ халқында ежелден баланың өзінен үлкен бауырына апа, аға, тәте деп сыйлауы, «сіз» деп алдынан кесе өтпеуі, айтқанын тыңдауы – қазақи тәрбиенің көрінісі. Жыл сайын тәрбиешілер күнін атап өтіп, оларға сый-құрмет көрсету – осы тәрбиенің бір дәлелі.

    Лицейімізде осы күні тәрбиешілерге, олардың ата-аналарына ризашылықтарын білдіріп, сый-сияпат жасалды. Лицей директоры Б.Ш.Омаров тәрбиешілердің аналарына «Алғыс хаттар» табыстаса, оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынды.

     

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі 

  • 2015 ЖЫЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫ

    2015 ЖЫЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫ

    Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығының сұранысы бойынша облыстық телеарна арқылы насихатталатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған үлгілік тәрбие сағаты №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында өткізілді. Тәрбие сағатын 10 «А» сыныбының жетекшісі Байтабынова Анар ұйымдастырды.

    Қазақстанда тұрып  жатқан сан түрлі ұлттардың озық дәстүрлерін, мәдениетін оқушылардың бойына сіңіруді, халықтар достығы мен татулықты, бірлікті  үлгі етіп, патриоттық сезімдерін шыңдауды мақсат еткен шара барысында мұғалім Ассамблеяның тарихын,  мән-маңызын, қоғамдағы ролін айтты, оқушылар ынтымақ туралы қойылым қойды. Ұлттар биі биленіп, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер құрастырылды.

    Балабақшадағы әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларының  өз пікірлерін ортаға салған көрінісі арқылы бала тілімен берілген тазалық, пәктік, достықтың шынайы үлгісін көрсетіп, оқушыларға ой салды. Әр түрлі ұлт аспаптарының дыбысын тыңдай отырып, оның қалай аталатынын табу ойынының  оқушылар үшін танымдық мәні зор болды. Ал «Балалық шағымның аспаны» кинофильмінен берілген үзіндідегі қазақ ұлтының басқа ұлттарды құшақ жая қарсы алуы эпизоды тақырыпты аша түсті. Шара соңындағы Қазақстан картасын құрастыра отырып, елдің тұтастығы мен тыныштығы үшін өздерінің не істей алатындығы туралы ой қорытуы әсерлі болды.

    Бейбітшілік пен келісімнің кепілі, татулықтың темірқазығы - Қазақстан  халқы Ассамблеясының 20 жылдығының беташары лицейімізде осылай ашылды. Жалғасын табар істер мол.

     

    №10 Қызылорда қыздар лицейі

Жаңалықтар

Лицей туралы мәлімет

  • №10 Дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты
    Кызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,10
  • (+7724) 22-90-309

Фотогалерея